Қойсана ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қойсана – Тарақты Байғозы батырдың қызы. Қазақ-жоңғар соғысындағы белгілі қолбасшы Шұбыртпалы Ағыбай батырдың анасы болады. Ер Ағыбайға екіқабат кезінде түн жамылып елінің жалқыларын ұрлап бата жатқан барымташыларды соңынан қуып жетіп, бәрін аттан түсіріп байлап әкелген. Ауылға келген соң қарақшылардың басшысы бізді аттан түсірген әйелдің күші емес, оның ішіндегі баласының күші деген екен. Көп ұзамай Қойсана Ағыбай батырды туыпты.