Тақырыбы: Ынтымақты отбасы
Мақсаты: Балаларды ата - аналары мен бас қосу кешіне қатыстыра отырып, оларға отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, ынтымақпен шеберлікке, татулықпен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Дәстүрлі емес бос қосу кеші
Керекті құралдар: мультимедия, үнтаспа, суреттер.
Тәрбиеші: Анаң - күнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Әжең - асыл ардағың,
Атаң - дала қорғаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
- Армысыздар Құрметті ата - аналар, жанкүйерлер!
Қош келдіңіздер, біздің сайысқа.
Адам барма ана сүтін татпаған,
Алуан - алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты, ар - намысты сақтаған,
Мен әкенің сонысына мақтанам – деп ұрандатып бүгінгі Ынтымақты отбасы атты сайысына Жұлдыз , Қонжық , Ботақан мектепалды даярлық шағын орталық топтарының ата – аналары қатысқалы тұр. 4 топтың сайыскерлерін құрметтеп ортаға шақырайық.
1. Қонжықтар тобы
2. Қыран тобы
3. Жұлдыздар тобы
4. Інжу тобы
Сайыскерлерімізді әділ бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстыру.
Тәрбиеші: Байқау 8 бөлімнен тұрады.
Армысыздар, жалпыңыз,
Сәлем беру салтымыз!
Сайыскерлер сайрайды,
Жеті атасын санайды.
1 бөлім. Өзін - өзі таныстыру
Сайыскерлер өздерін таныстырып шығады.
2 бөлім. Ынтымағы жарасқан менің отбасым
Ата - аналар мультимедиа көмегімен өз отбасын слайд арқылы баяндап береді.
3 бөлім. Тұжырымды ой айтайық
Әділқазылардың алдына келіп бір билеттен алып сұрақтарға жауап береді.
4 бөлім. Мақал - сөздің мәйегі
Бұл бөлімде кім қанша мақал айтады және де экранға мақалдың басы жазылған аяғын аяқтау керек. Әр отбасыға бір - бір мақалдан беріледі.
5 бөлім. Баламызбен бірге ойнай отырып ойланайық
Бұл бөлімде 4 ойын бар.
1 ойын: Арқан тартыс ойыны.
Ойын шарты: Арқан тартылады, жеңген топ келесі топты шақырады.
2 ойын: Алақанынан мінезін таны
Ойын шарты: Отбасы басшысының көзі таңылып, көрші отбасы басшысының мінезін айту.
3 ойын: Балаңызды жүзінен таны
Ойын шарты: Анасының көзі байланады, қаз - қатар отырған балалардың арасынан сипау арқылы өз баласын тауып алу керек.
4 ойын: Көңіл күйді жаттықтыру
Ойын шарты: Қоржыннан асық таңдап алады. Әр асықта тапсырма болады.
Бірінші асықта – жылап тұрған адамның кейпін көрсету
Екінші асықта – қатты күліп тұрған адамның кейпін көрсету
Үшінші асықта – өлең айтып тұрған адамның кейпін көрсету
Төртінші асықта – қатты таңғалып тұрған адамның кейпін көрсету
Бесінші асықта – билеп тұрған адамның бейнесін жасау.
6 бөлім. Бала тілі бал
Бөлімнің шарты: Балалар тәрбиеші берген сұрақтарға жауап береді.
1 сұрақ: Отбасы мүшелерін ата?
2 сұрақ: Қандай тағамды жақсы көресің?
3 сұрақ: Сен кімді жақсы көресің?
4 сұрақ: Отбасы жөнінде тақпақ айтып берші?
7 бөлім. Көңілді күй сыйлайық
Бөлімнің шарты: Әр отбасы өз өнерін көрсетеді.
Тәрбиеші: Бүгінгі күн әр шаңырақтың той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым еткен байқауымыздың соңында
Ақ тілекпен әділқазы сөз алар.
Әділ - қазылар қорытындысы беріледі. Сыйлықтармен марапаттау.
Жүргізуші: Осымен біздің бүгінгі Ынтымақты отбасы атты танымдық сайысымыз аяқталды. Қатысқан ата - аналарға көп рахмет!
Сау болыңыздар!