Бөлшек сандардың ондық жазылуы

Скачать

Ақтөбе облыстық мамандандырылған
физика - математикалық мектеп - интернаты
математика пәні мұғалімі
Ғұбайдуллина Венера Нұртайқызы

Сабақтың тақырыбы: Бөлшек сандардың ондық жазылуы.
Сабақтың мақсаты: кейбір бөлімі 10, 100, 1000... т. с. с. болатын жай бөлшектердің бөлімсіз жазылуы. Ондық бөлшек деп аталатын сандармен танысу. Оларды оқу және жазуды үйрену. Бірліктен де кіші разрядтар, олардың атаулары, ондық бөлшектерді оқу және жазудағы маңыздылығын меңгерту.
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
Қайталау сұрақтары:
1. Қандай сан жай бөлшек деп аталады? Мысал келтір.
2. Аралас сан дегеніміз не? Мысал келтір.
3. Жай бөлшектің қасиеттері?
Мына сандарды оқы, бүтін және бөлшек бөліктерін ажырат:
Ондық бөлшектерді жазу
Жай бөлшектерді бөлімсіз жазу
------------------------------
Үтір арқылы жазылған бөлшек сандар ондық бөлшектер деп аталады.
Ондық бөлшектердің жазылуында үтірдің сол жағында - ондық бөлшектің бүтін бөлігі жазылады, ал оң жағында ондық бөлшектің бөлшек бөлігі жазылады.
Мысалы: 1) 2, 3 санында 2 - бүтін бөлігі, 3 - бөлшек бөлігі
2) 5, 03 санында 5 - бүтін бөлігі, 03 - бөлшек бөлігі
3) 0, 51 санында 0 - бүтін бөлігі, 51 - бөлшек бөлігі
4) 0, 219 санында 0 - бүтін бөлігі, 219 - бөлшек бөлігі
Бөлімдері 10; 100; 1000 т. с. с болатын жай бөлшектің бөлімінде қанша нөл бар болса, ондық бөлшек түрінде жазғанда үтірден кейін сонша таңба болуы тиіс.
Қажет жағдайда бөлшек бөлігіне үтірден соң керегінше нөл тіркейміз
Мысалы: --------------------------

Тең ондық бөлшектерді жазу
Ондық бөлшектердің жазылуында бөлшек бөлігінің соңына нөлді немесе бірнеше нөлді тіркеп жазсақ, немесе соңғы нөлдерді алып тастасақ ондық бөлшек өзгермейді.
Мысалы: 1) 5, 7= 5, 70= 5, 70000 2) 0, 09 =0, 090= 0, 09000
3) 1, 090000 =1, 0900= 1, 09

Ондық бөлшектердің разрядтары
Ондық бөлшектер де натурал сандар секілді разрядтарға бөлінеді. Ондық бөлшектердің бірліктен кіші разрядтары болады. Ол мына кестеде көрсетілген:

Ондық бөлшектерді оқу
Ондық бөлшектерді оқығанда алдымен бүтін бөлігі оқылады, содан кейін бөлімі ретінде ең кіші разряды шығыс септігінде оқылады.

102, 00243 - жүз екі бүтін жүз мыңнан екі жүз қырық үш

Бекіту сұрақтары:
1. Бірліктен кіші разрядтар қалай аталады?
2. Бөлімі 10; 100; 1000;... болатын жай бөлшектер қалай жазылады?
3. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?
4. Ондық бөлшектегі үтірден кейінгі ондық таңбалар саны қалай анықталады?
5. Үш бүтін мыңнан он жеті саны ондық бөлшекпен қалай жазылады? Түсіндіріп бер.
6. Берілген ондық бөлшекке тең бөлшекті қалай анықтауға болады? 10, 23 санына тең бөлшекке мысал келтір.
Математикалық диктант
1. Ондық бөлшектерді жазыңдар:
а) жиырма бес бүтін оннан үш;
Жауабы: _____________________
ә) үш бүтін жүзден он алты;
Жауабы: _____________________
б) нөл бүтін мыңнан он үш;
Жауабы: ______________________
в) нөл бүтін мыңнан бес
Жауабы: _______________________

2. Ондық бөлшекті жазыңдар:
а) жеті бүтін мыңнан он тоғыз;
Жауабы: _____________, _________
ә) бес бүтін жүзден жиырма жеті.
Жауабы: _____________, _________
Оларды аралас сан түрінде жаз.

3. Сандарды оқыңдар:
а) 0, 4; ______________
ә) 2, 04; _______________
б) 0, 41; ________________
в) 2, 004 ______________

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz