Отырықшылар және көшпелілер мәдениеті

Скачать

Сабақ тақырыптары:
1. Отырықшылар және көшпелілер мәдениеті
2. Көшпелілердің материалдық мəдениеті
3. Сəулет жəне өнер (VI – IX ғғ.)
4. Халық ауыз əдебиеті, жазу жəне дін
5. VІ – ІХ ғасырлардағы Қазақстан халықтарының отырықшы және көшпелі мәдениеті бөліміне орта мерзімді жопар

Тарих 7 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
Оқушыларды жартылай көшпелі мәдениеттің және қала мәдениетінің дамуымен, олардың өзара байланыстарымен таныстыру.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
• орта ғасырлардағы халықтың өмірі мен тұрмысын мазмұндайды;
• тарихтағы негізгі саяси өзгерістерге талдау жасайды;
• түрлі деректерден тарихи ақпараттарды іздестіреді.
Оқушылардың басым бөлігі:
• жартылай көшпелі және отырықшы тұрғындардың мәдени және экономикалық даму ерекшеліктерін көрсетеді;
• жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттерін салыстырады, қорытынды жасайды.
Кейбір оқушылар:
• VI – IX ғасырлардың тұрғындары көшпелі мал шаруашылығынан отырықшы шаруашылыққа көшкенін себептерін түсіндіре алады.
• орта ғасырлар тұрғындарының мəдениеттегі жетістіктерін біледі.
- мәдениеттерді, берілген сипаттама арқылы, бір – бірінен ажырата алады.

Басталуы
Кіріспе (2 минут)

Білу (8 минут)
ОмОЖТ
СТОү
ОүБжОБ
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, жұптарға бөлу.
Оқушылар: Оларға таза А4 форматты қағаз беріледі. Олар құшақтасып сурет салады, оны жұбына сыйлайды. Сурет салынған маркер түсі бойынша оқушылар жұптасады.

Үй жұмысын тексеру: Сұрақты қағып ал ойыны арқылы өткен тарауды қайталау, қорытындылау (VI - IX ғғ. Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпаларды көшпелілер , түрік – тілдес тайпалар деп атаған).
Оқушылар: бір – біріне сұрақ қояды, жауап береді.

Жаңа тақырыпқа кіріспе: көшпелі және отырықшы шаруашылықты сипаттайтын суреттерді көрсету . Топтастырып мағынасын ашу.
Оқушылар: Жұпта суреттерді топтастырып, мағынасын түсіндіреді.
- Ал енді, бүгінгі сабақта біздің тақырыбымыз не туралы болады?
Оқушылар: сабақ тақырыбын және мақсатын анықтайды.
Бағалау: Бас бармақ .

Ортасы
Түсіну (5 минут)
ОмОЖТ
СТОү
ОүБжОБ
Миға шабуыл :
1) Мәдениет дегеніміз қалай түсінесіз? Оның қандай түрлерін білесіңдер?
Оқушылар: ойланады, жауап береді, ой бөліседі, талқылайды, салыстырады. Жеке – дара жұмыс

жұпта өз түсінгенін салыстыру
топта талқылау
тақтаға салу

Тірек схема (оқушылар өзара талқылағаннан кейін ТАҚТАДА)
МӘДЕНИЕТ

Материалдық – (баспана, киім - кешек, ыдыс - аяқ, қару - жарақ түрлері, құрал - сайман)
Рухани -- (діни наным - сенімдер, әдет - ғұрып, салт - дәстүр)

Қолдану (14 минут)
ОмОЖТ
ТжДБО
ОЖЕСОжО
СТОү
ОүБжОБ
ОмОАКТп
VI - IX ғғ. Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалардың мәдениеті мен шаруашылығының ерекшеліктерімен танысайық.

Карусель әдісі:
І оқушы:
1) Жартылай көшпелі мәдениеттің ежелгі ғасырлар кезеңдері бойынша дамуын көрсету.
2) Көшпелілердің орта ғасырларда шаруашылықтың дамуын көрсету.
ІІ оқушы:
1) VI - IX ғасырларда қала мәдениетінің даму ерекшеліктерін неде? Оны кескін картада көрсетіңіз?
ІІІ оқушы:
1) VI - IX ғасырларға тән қалалардың құрылыс жүйесі мен ерекшеліктерін көрсету.
ІV оқушы:
1) VI - IX ғасырларда Қазақстан жерінде қала мәдениетінің дамуын дәлелдеп беру.
2) VI - IX ғасырлардың тұрғындары көшпелі мал шаруашылығынан отырықшы шаруашылыққа көшуінің себептерін қалай түсіндіресіз?
Оқушылар: өз тапсырмаларын орындайды, жұмысын Карусель әдісі бойынша бір - біріне барып түсіндіреді.

Бағалау: Смайликтер ұсыну .
- әр оқушы 3 көңіл – күйді білдіретін смайликтер таратылады.

Талдау (7 минут)
СТОү
ОБжҚ
ОүБжОБ
• Тапсырма (жұптық жұмыс): Отырықшылар мен көшпелілердің ұқсастық пен айырмашылығы неде? Салыстырып көрсетіңіздер. (постер толтырады)

Бағалау: Екі жұлдыз – бір ұсыныс
Критерийлер:
1) айырмашылығы нақты көрсетілген;
2) ұқсастығы екі мәдениетке тән;
3) эстетикалық безендіру.

• Шатастырылған логикалық тіркестерді толтыру: (ауызша)
- Қолға мал үйрету тас ғасырының неолит кезеңінде басталған; (қате орта (мезолит) кезеңінде)
- Темір дәуірінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашы - лғы өріс алды; (дұрыс)
- Оңтүстік Қазақстанда отырықшы мәдениет орталығы Тараз, Талхир, Алмалық, Қойлық қалалары; (қате - Отырар, Йасы, Сауран, Сығанақ, Құлан)
- Ортағасырлық қалалардың жүйесі екі бөліктен тұрған; (қате – үш бөліктен (цитадель, шахристан, рабат).

Жинақтау (5 минут)
ОмОЖТ
• Тапсырма: Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері - атты тақырыбына ЭССЕ жазыңдар.

Аяқталуы
Рефлексия (2 минут)
ОүБжОБ (1 минут)
Бағалау: Аяқталмаған сөйлемдер .
Мен өзімді ________________________________________ сезіндім.
Мен __________________________________________________ білдім, _______________________ қызықты болды,
_________________________________ бүгін менің қолымнан келді.

Үйге тапсырма (1 минут) § 8, 1 - 3 тақырыпша. Кескін картаны толтыру.

Павлодар облысы,
Ертіс ауданы, Северный ЖОББМ
Тарих пәні: Айтмакушева Ботагоз Мусиновна


Көшпелілердің материалдық мəдениеті
Сəулет жəне өнер
Халық ауыз əдебиеті, жазу жəне дін
Орта мерзімді жопар


Скачать


zharar.kz