Облыс орталығы қай қала

Скачать

5 - сынып. Қазақстан тарихы.
I. Сабақтың тақырыбы: I - жарты жылдық бойынша қайталау сабағы.

II. Сабақтың мақсаты: 5 - сынып оқушыларының Қазақстан тарихы пәні бойынша I - жарты жылдықта алған білімдерін саралау. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Отан тарихын құрметтеуге үйрете отырып, алған білімдерін жинақтап, одан әрі тарихи танымдылықтарын кеңейту.
Ойлау, сөйлеу дағдысын дамыта түсу. Өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге бағыт - бағдар беру.
Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
III. Көрнекілігі: Қ. Р саяси картасы, нақыл сөздер, плакаттар, дидактикалық материалдар, кестелер, сызбалар, суреттер т. б.
IY. Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, өз ара жарысу.
Y. Түрі: аралас сабақ (жарыс сабақ, ойын сабақ, саяхат сабақ т. б)

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2) Психологиялық дайындық.
Ал, оқушылар бүгін біз өзіміз Қазақстан тарихы бойынша осы уақытқа дейін не үйрендік, не білдік соны ортаға салмақпыз. Ендеше, алдымен өткелден өтуге дайын ба екенбіз соны көрейік:

1 - аялдама. Өткел . Кім жылдам? ойыны.
1. Әнұранның авторларын ата. 2. Тарихтың атасы кім?
3. Шығыстағы тарих атасы. 4. Геральдика нені зерттейді?
5. Дүние жүзінде қанша этнос бар? 6. Топонимика нені зерттейді?
7. Қазақстан Республикасында қанша облыс бар?
8. Ауызша деректерге жататындар? 9. Қазақтың алғашқы хандарын ата.
10. Әл - Фараби қай қалада дүниеге келген?

2 - аялдама. Белес . Орнына қой ойыны арқылы жүргізіледі.
1 Сақтар нешеге бөлінді? (Сәйкестендір)
Тиграхауда ----------- Арал теңізінің арғы жағын мекендегендер
Хаомаваргалар ------Жетісуда
Парадараиа ----------Мұрғаб аңғары

2 Адасқан түстер . (Сәйкестендір)
Абыздар сары мен көк
Жауынгерлер ақ
Малшылар мен егіншілер қызыл

3 Қазақ жүздері . Тайпаларын табыстыр.
Ұлы жүз --------------------- Арғын, Найман, Уақ, Қоңырат, Қыпшақ.
Орта Жүз -------------------- Байұлы, Әлімұлы, Жетіру.
Кіші жүз --------------------- Албан, Суан, Шапырашты, Ысты, Жалайыр т. б.

3 - аялдама. Бекет . Енді оқушылар осы жерде азырақ тынығып алайық. Отырғанда босқа отырамыз ба? Білімімізді шыңдай отырайық!
1. Берілген жылдарды қай ғасырға жататынын рим цифрларымен белгілейік ендеше.
1341ж.--------- 366ж.-
264 ------------ ж999ж.-
2008ж. ------- 1675ж.-
1992ж. -------- 6жыл.-
1838ж. -------- 1502ж.-

2. Жол қысқарту .
Кезекті енді өзіміз білетін аңыз – әңгімелерге берейік.
Оқушылар Шырақтың ерлігі , Түркілердің шығу тегі , Отырар опаты т. б. әңгімелеп береді.
Дем алып болсақ, енді күш жинап алайық.
Сергіту жаттығуын өткіземін.
Бір, екі, үш, Бұлшық етте, міне, күш.
Бір, екі, үш, Төрт, бес, алты,
Отыр, тұр, шалқы. Жеті, сегіз, тоғыз, он,
Орныңа қон.

4 - аялдама. Асу . Өзіңді тексер.
Асудан өту үшін қиындыққа тап боламыз. Біз бәріміз ол қиындықты да жеңеміз деп ойлаймын.

1. Тест жұмысы.
2. Ұғымдарға анықтама бер.
Пероглифтер , палеолит , мезолит , неолит , синантроп , питекантроп , бумеранг , космонимия , цитадель , шахристан , рабат .

3. Артығын тауып сызып таста .
Ғұн әскерінің қару - жарағы арасындағы артығын сызып тастау тапсырылады. Қамал бұзғыш машина , садақ пен жебе , зеңбірек , қалқан , қайық , семсер , арбалет .
4. Тұлғаны таны .
Абылай хан, Әбілқайыр хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би суреттеріне
жұмбақ жасыру арқылы тұлғаны табу.

5. Араласқан сөздерді орнына қой.
Билердің шешендік сөздері ауысып кеткен, соларды орнына қою керек.
Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі , Сен - қабылан да, мен - арыстан, алысқалы келгенмін... , Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін,
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін...

5 - аялдама. Жерұйығым - Жетісуым .
1. Сұрақ - жауап минуты.
1) Қандай Қазақстан қалаларын білесіңдер?
2) Қазақстанда қанша облыс бар екен?
3) Біздің облысымыз қалай аталады?
4) Облыс орталығы қай қала?
2. Картамен жұмыс.
Енді сол облыс орталықтарын картадан тауып аумақтарын көрсетіп, орталықтарын атайды.
Оқушылар қолдарындағы кішкентай жалаушаларды картаға апарып орталықтарды белгілейді

Қорытынды.
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап өтіп, бағаларын қою.

Үйге тапсырма: 1 - жарты жылдықта өтілген тақырыптар ішінен өзіне ерекше ұнаған тақырыбын туралы жазып келу.


Скачать


zharar.kz