Адам баласы әдетте дүниеге дені сау болып келеді алайда сол денсаулыққа дұрыс күтім жасай білмейміз. Үнемі әдемі әрі тартымды болу үшін дене сымбаттылығын сақтап, салауатты өмір салтын сақтай білу керек, өзіңді қоршаған ортамен байланыста өмір сүру керек.
Біз осы туралы айтатын боламыз.
Жас қыздарға арналған кейбір дәстүрлі кеңестерді ұсынамын. Денсаулықты қалай күте білу, әдемі де сүйкімді көріну, сізді қоршаған жандарға жағымды көріне білудің құпиясын ашатын боламыз.
Денсаулықты күте біл.
- Кез келген қыз бала денсаулығы мықты болуы үшін салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды іс әрекеттерден аулақ болуы қажет. Темекі тарту, алкогольді ішімдіктен татып алу – тіпті аз тұтынсаңыз да, бұл сіздің бет әлпетіңізге кесірін тигізеді.
Уақыты келгенде байқайсыз, бет терісі сұрланып, беттің терісіндегі тесіктері үлкейіп, көз қызарады. Ол кезде бет терісіндегі кемшілікті ешқандай опа - далаппен жасыра алмайсыз.
Егер сырқаттанып қалсаңыз, міндетті түрде емделіңіз, денсаулыққа көп көңіл бөліңіз. Деннің сау болғаны – бақыт. Денсаулық бар кезінде оны бағаламайсың, егер сәл бір жеріңіз ауырса, сонда барып денсаулықтың қадірі қаншалықты екенін түсінесің ол кезде денсаулық қайта қалпына келтіру қиын болуы мүмкін.
Қыстың күні жылы киін.
- Егер сәнді киінемін деп қысты күні де жұқа жалғыз шұлықпен (колготка) қысқа белдемше киетін болсаң, онда таң қалма, оның соңы жақсы болмайды. Бой жетіп тұрмыс құрған кезде бала көтере алмай, түсік тастап неше түрлі қиындыққа тап болу қаупін ескерткім келеді. Егер болашақта тұрмыс құрып, ана атану ойыңда болса, қазірден өзіңді және денсаулығыңды күт!
Денені шынықтыр.
- Күнделікті денсаулыққа уақыт бөл – жеңіл спорт түрімен айналыс, денені шынықтыр. Сонымен қоса жан сұлулығына да көңіл бөл. Әдемі әуен тыңдап, романтикалық кинолар мен комедиялық фильмдер қара. Біліміңді толықтыратын видео сабақтар, түрлі кітаптар оқы.
Өзіңді әрдайым сүй сонымен қоса жауапкершілікті сезініп, тәртіпке әрқашан бағына біл!
Түрлі қиындыққа тап болған жағдайда мықты бол.
Түрлі қиындыққа тап болған жағдайда көңіл - күйіңді түсірме, болған жағдайға басқа қырынан қарап көр, адам қателік жасамауы мүмкін емес, өйткені сол қателіктер арқылы біз өмірді танып білеміз. Сүйген жігітің хабарласпай, кездесуден де бас тартты ма? Бұған бола ренжудің, жылаудың қажет жоқ. Себебі біреу – сен жассың сенің өмірің әлі алда. Сені қажет етпейтін адамға уақытыңды босқа кетірме! Сені жақсы көруі үшін өзгені мәжбүрлей алмайсың.
Өмірдің қуаныш пен шаттыққа толы сәттерін есіңе ал. Стреске салынудан аулақ бол! Өз - өзіңе айт: Бұл болмашы ғана қиындық, бұдан мен тек күш аламын және шыңдала түсемін . Бұл шынымен де солай.
Көңілді әрі шынайы адамдармен қарым - қатынас жаса. Өсек - өтірікке жаны құмар жандардан аулақ бол!
Кез - келген қиындыққа мойыма, көңіл бөлуге тұрмайтын жандарға бұрылып та қараудың қажеті жоқ. Барлық жағдайды ақылға сала отырып шешуге тырыс, сонда Табиғат ана да саған көтеріңкі көңіл - күй, мықты денсаулық пен болашаққа деген сенімділік сыйлайды.
Сұлулық әлеміндегі кеңестер.
Жас ханшайымдар мұны білуі керек. Әрдайым тартымды және жақсы көрінудің кішкентай құпиялары мен айлалары бар.
Қыс мезгілінде ерінді күте біл.
Еріннің жұқа терісі қыстың аязды суығына төзімсіз болғандықтан жарылып кету мүмкін. Бұндай қиындық тумас үшін, дәріханадан ерінге арналған гигиеналық ерін далабын (помада) алып қойған дұрыс. Ерін далабы еріннің жұмсақ терісінде ылғалдықты сақтайды.
Тырнақты қай уақытта егеу дұрыс?
Моншаға немесе ваннаға түсіп шыққан соң, тырнақты егей бастау дұрыс есем. Бұл тырнаққа зиянды болып есептеледі. Тырнақты егеуді ваннаға түсер алдын жасаған жөн. Тырнақты егеген кезде бір жаққа қарай егеу керек, ары - бері егеу зиянды, тырнақ қабыршақтану, тез сыну осының әсерінен яғни ары - бері егеуден болады.
Тырнақты күту.
Егер тырнақ сынғыш болса, онда келесі кеңесіме назар аудар. Тырнақты бояудан тазалап, тырнақты жақсылап еге (маникюр). Таза тырнақтың үстіне 5 % иод ерітіндісін жақ, бұны жатар алдында жасаған дұрыс, таңға дейін иод тырнаққа сіңеді. Бұл шараны 10 күн жасау қажет.
Менің бұл кеңесімнің аз да болса көмегі тиеді деп ойлаймын. Өзіңе үнемі дұрыс күтім жасай біл!
Дайындаған: Асыл
Сіздің де алып қосарыңыз болса пікір қалдырыңыз, немесе поштаға жолдауға болады сайтта жарияланады