Ата - аналарға арналған тренинг
Тренинг тақырыбы: Жанұя бақыты
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.
Барысы:
1. Танысу жаттығуы
2. Жанұя бақыты жаттығуы
3. “Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
4. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) Гүлдің оянуы
5. Саусақ ойыны Жұдырық - алақан - қабырға .
6. Тілек шамы . (Қорытындылау)
Психолог: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі тренингімізге қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп балабақшаға келе беріңіздер демекпіз! Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.
І. Танысу жаттығуы
Ата - аналар өз есімдерін және баласының есімін айтып өз баласының бойындағы жақсы қасиеттерді атап айту.
2. Жанұя бақыты жаттығуы.
Мақсаты: Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым — қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімін көтеруге көмектесу.
Жаттығудың шарты: Бақытты жанұя моделін құру. Яғни, ата - ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.
3 “Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…
Жанұя бақыты жүктеу