Мемлекеттік бюджет .

Скачать

Қандай болмасын мемлекеттің болмысы мен өсіп-дамуын , өркениеті мен әлеуметтік-экономикалық ахуалын оның орталықтандырылған қаржылық ресурсы ( ақша қоры ) – мемлекеттік бюджетіне , осы бюджеттің қоғамдық-мемлекеттік маңызы бар мүдделерге байланысты атқаратын рөліне қарап сипаттауға болады.
Қазақстан Республикасы конституциясының 2-бабының 1- тармағында «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет» деп айтылған . Демек , унитарлық (конституциялық нормада «біртұтас» деп берілген) мемлекеттің бюджеттік құрылысы біздің елдегідей екі деңгейден – республикалық бюджеттен және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзырындағы жергілікті бюджеттен тұрады.
Мемлекеттік бюджеттің қоғам және мемлекет тыныс-тіршілігіндегі рөлі мен маңызы Қазақстан Республикасының нарықтық дамуы мен егемендігінде көрініс тауып отыр.
Демек Қазақстан Республикасындағы біте қайнасқан қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қаржыландырудың қайнар бұлағы , мемлекеттік қаржы-қаражаттардың жүйеленген ағыны мемлекеттік бюджет болып табылады . Қазақстан Республикасындағы республикалық және жергілікті бюджеттер мемлекеттің бюджет жүйесінің материялдық тірегі , қаржы жүйесінің орталық буыны , Қазақстан Республикалық мемлекеттігінің атрибуты және оның егемендігінің қаржылық негізі болып саналады , сондай-ақ мемлекеттік бюджет арқылы жалпы ұлттық өнімнің тиісті қаржылық заң актілерінде көзделген бөлігі қайта бөлініп , қоғамның әлеуметтік- экономикалық игілігіне пайдаланылады.


Скачать


zharar.kz