Мұқағали Мақатаев
Тірі жүрсек, біз көреміз талайды,
Жаңа жылды, жаңа күнді, жаңа айды.
Ұзағырақ өмір болса, жарайды,
Түн де келер, таң да атар арайлы.
Біз көреміз керемет бір шақтарды,
Мың куарып, мың гүлденген бақтарды.
Ақыр түбі ақылдылар үйретер,.
Арамтамақ, азғын, ақымақтарды.
Айла өліп, сезім менен сана шат,
Жауыздық та жатпас, сірә, жара caп,
Адамзатты мәңгі бақи әлдилер,
Ақыр түбі ақыл менен парасат!
Ақиқаттың жаңа жылы туғанда,
Ада болар арамзалар, қулар да.
Жаннат болып жатыр менің жан - өлкем,
Жаманшылық жолай қоймас бұл маңға.
Жаннат болып жатыр менің жан - өлкем!
Аққу болып жүрер менің ақ еркем.
... Қыр басынан қызыл жаулық желпірмін,
Таңмен тұрып, күнмен шығып таңертең...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2