Электр тоғы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді параллель және жалғау
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Өткізгіштердің әр түрлі жалғаудың тәсілдерін қарастыру, тұрмыста және техникада қолдануы.
Дамытушылық: Оқушыларға білім беру арқылы ой - өрісін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиешілік: Терең ойлауға, ғылымға, білімге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланып, алдына мақсат қоя отырып материалдың негізгісін анықтау.
Сабақтың көрнектілігі: Мультимедия, электрондық оқулық, компьютер, вольтметр, реостат, генератор, тоқ көзі, кілт, электр кедергі, қыздыру шамы, сымдар.
Пәнаралық байланыс: Физика, информатика, математика.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.

ІІ. Негізгі бөлім. Электр тізбегін жоғарыдан оқып бастаймыз.
І. Электр тоғы
1. Электр тоғы дегеніміз не?
2. Еркін электр зарядтар деп қандай бөлшектерді атайды?
3. Электр тоғы пайда болуы және ұзақ сақталуы үшін қажетті шарттарға не жатады?
4. Қандай құрылғыларды тоқ көздері деп атайды?
5. Таза мысты қоспадан бөліп алу үшін тоқтың қайсы әрекетін қолданады?
6. Және тоқтың қандай әрекеттерін білесіңдер?
ІІ. Электр шамалар
Осы тізбек бөлігінде біз электр шамаларды қайталаймыз және әр топқа бір оқушы карточка бойынша жұмыс орындайды.
ІІІ. Электр құралдары
Оқушыларға құралдар бөлініп берген, құрамды атап кету және суретте көрсету.

ІV. Жаңа сабақ.
§41. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтік және т. б.
қолданылады.
Өткізгіштерді әр түрлі жалғауға болады.(суреті көрсетіледі)
1 - жағдай. Тізбектей жалғау.
2 - жағдай. Параллель жалғау.
3 - жағдай. Аралас жағдай.

V. Жаңа сабақ бекіту.
Әр топқа тапсырмалар беріледі.
Электр сызбасын оқыңдар.
2) Гольвани элемент, электр шамы мен бір - біріне тәуелсіз қосатын және өшіретін етіп қосу және екі кілт қолдану.
3) Гольвани элемент, электр шамы мен бір - біріне тәуелсіз қосатын және өшіретін етіп қосу және бір кілт қолдану.
3) Есеп
№1. Тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R¹=36 Ом өткізгіштегі кернеудің төмендеуі U¹=9 В. Кедергісі R²=64 Ом болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120В болғандағы өткізгіштің R³ кедергісін анықтаңдар.

№2. Параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R¹=44 Ом өткізгіш арқылы І¹=0. 84А тоқ өткізгіштің R² кедергісін анықтаңдар.

4) Есеп.
№1. Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы тоқ күші қандай?
№2. Шеберханадағы электр сымдарына әрқайсысының кедергісі 120 Ом - ға тең 5 шам параллель жалғанған. Осы тізбектегі кернеу 220 В болса, онда бүкіл сым бойынан өтетін тоқтың күшін анықтаңдар.
ІV. Қорытынды бөлім
Материалдың негізгісін электрондық оқулық арқылы құру.
(Теледидардағы DVD диск)
VІІ. Үйге тапсырма беру.


Скачать


zharar.kz