Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемде туралы түсінік беру

Скачать

Сабақ тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер
Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемде туралы түсінік беру.
2. Жай сөйлем туралы түсінікті тереңдету, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын кеңейту, сөйлем мүшелеріне талдау дағдысын арттыру.
3. Оқушыларды білімге ұмтылдыру, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ көрнекілігі: таблица, үлестірмелі кестелер, слайдтар, перфокарталар
Сабақ әдістері: баяндау, түсіндіру, талдау, өзіндік жұмыс, жаттығулар орындау, мәтін құрау.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа зейінін аудару. Сабақ бастауға жағдай жасау.
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс.
Берілген жаттығудың орындалуын тексеру, өткенді пысықтау.
Сызба бойынша жұмыс, ережелерді еске түсіру.
1. Сөйлем деген не?
2. Айтылу мақсатына қарай түрлері?
3. Сөйлем құрылысына қарай?
4. Жай сөйлемнің қандай түрлері бар?
5. Жақты, жақсыз сөйлем деген не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі. (Слайдтар бойынша)
Жалаң сөйлем
Қазақстан – мемлекет.
Қыс келді.
Күн суытты.
Тұрлаулы мүшелер ғана қатысқан сөйлем

Жайылма сөйлем
Отан отбасынан басталады.
Қыстың алғашқы айы басталды.
Күн енді суыта бастады.
Тұрлаусыз мүшелер де қатысқан сөйлем



Скачать


zharar.kz