Молекулалық массасы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Негіздердің жіктелуі, алынуы (презентациясымен)
Мақсаты: 1. Білімділік Негіздердің жіктелуі, алынуы және химиялық қасиеттері туралы түсінік беру
2. Дамытушылық Жаңа химиялық реакция теңдеулерін жазудағы белсенділіктерін арттыру;
Танымдық ой өрісін кеңейту.
3. тәрбиелік Негіздермен жұмыс жасауда ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Қолд. әдістер: сұрақ жауап, сәйкестендіру тесті, топпен жұмыс т. б.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезең (1мин)
А) сәлемдесу б) түгелдеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 8 - 10 мин)
1) химиялық диктант
CO2, NaOH, H2SO4, Cu(OH) 2, Na2O, BeO, KNO3, CaCO3, H2S, BaO, H2SiO3, AgCl

2) жоғарыдағы қосылыстарды кластарға жіктеу
оксид:
Негіз:
Қышқыл:
Тұз:
ІІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақтың байланысы (2мин)

ІУ. Жаңа сабақ (15 мин)
Негіздер дегеніміз металл атомы мен гидроксо тобынан тұратын күрделі қосылыстар.
Мысалы: NaOH, Cu(OH) 2
1) негіздердің жіктелуі
Негіздер: суда еритін, суда ерімейтін және екідайлы болып үшке бөлінеді

2) негіздердің алынуы
1. металл тікелей сумен әрекеттесу арқылы алынады
2Na + 2H2O = 2NaOH + H2
2. Белсенді металл оксиді мен судың әрекеттесуі арқылы алынады
Na2O + H2O = 2NaOH

3. Суда ерімейтін негіздердің алынуы
2NaOH + CuCl2 = Cu(OH) 2 + 2 NaCl
3) Негіздердің индикаторға әсері
лакмус қағазы көгереді
фенолфталейн таңқурай түске боялады
метилоранж сары түске боялады

4) Негіздердің химиялық қасиеттері
1. Қышқылдық оксидпен әрекеттеседі
2NaOH + CO2 = Na2CO3 + H2O
2. Қышқылдармен әрекеттеседі
NaOH + HCl = NaCl + H2O
3. Тұздармен әрекеттеседі
FeCl3 + 3NaOH = 3NaCl + Fe(OH) 3

4. Суда Ерімейтін негіздер айырылады
2Fe(OH) 3 = Fe2O3 + 3H2O

У. Бекіту ( 12 - 15 мин)
Сыныпты 3 топқа бөліп, 3 түрлі тапсырма беріледі
1 - тапсырма
1 - қатар. Реакция теңдеулерін жазу
HCl + KOH=
KOH + SO2 =
Cu(OH) 2 =
KOH + H2S =
2 - қатар. Іске саыру теңдеуі
C →CO2 → H2CO3 → CaCO3 → CaO
3 - қатар. Сәйкестендіру тесті

Р. с --- Формула ----- Р. с ---- Молекулалық массасы
1 ----- NaOH ---------- 1 ---------- 74
2 ----- KOH ------------ 2 ---------- 98
3 ----- Cu(OH) 2 ------ 3 ---------- 40
4 ------ Ca(OH) 2 ----- 4 ---------- 56

2 - тапсырма. Есептер шығару
3 қатарға 3 есеп беріледі
1 - есеп. 4, 6г натрий металы 150г сумен әрекеттескенде түзілетін сілтінің массалық үлесін есептеңіз
2 - есеп. Массасы 28 г литий сумен әрекеттескенде түзілетін сутегінің көлемін есептеңіз
3 - есеп. Массасы 20г натрий гидроксиді көмірқышқыл ІУ оксидімен әрекеттескенде түзілетін тұздың массасын есептеңіз

УІ. Қорытындылау ( 1 - 2мин)
УІІ. Үйге тапсырма беру (0, 5 - 1мин)
Тақырыпты оқу, №4, 5 жаттығу
УІІІ. Бағалау (1мин)


Скачать


zharar.kz