Ескен Елубаевтың өлеңі
Мынау біздің Доңқабақ
Шеберлігі ұстады.
Дәу пышақпен жаңқалап,
Қарындашын ұштады.
Әдемілеп,
Сүйірлеп,
Шығармақшы ұшын ол.
Терлеп – тепшіп, күбірлеп
Беріліпті ісіне ол.
Енді ұштала бергенде
Ұшы бырт - бырт сынады.
Ызақорын көрдің бе:
- Өтпейді,- деп жылады.
Әй, шебер боп жарытпас,
Қолын кесіп алыпты.
Сына – сына қарындаш
Бір тұтам боп қалыпты.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері