Етікші деген ертегі

Скачать

Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Етікші (ертегі)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ертегіні түсініп оқуға үйрету, мағынасын ашу, ондағы негізгі ойды анықтау.
2. Дамытушылық: Ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту, олардың зейінін, сөздік қорларын дамыту, оқиғаны елестетіп, жүрекпен жете сезіну қабілетін және өзіндік ойын айтып жеткізу мүмкіндігін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, татулыққа, адалдыққа, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: білімін жетілдіру
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: пікір алмасу, өз ойларын ортаға салу, түсіндіру, тыңдай білу, сурет салу, сұрақ – жауап, жұмбақ шешу, ойын топтастыру, салыстыру.
Көрнекі құралдар: Үнтаспаға жазылған ертегінің басы, тылсымнан, бағалау парағы, плакаттағы жұмбақ, сөздік жұмысы.
Пәнаралық байланыс: математика, тіл дамыту.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1) Үш топқа бөлу:
1 – топ: Сұңқар , 2 – топ: Бүркіт , 3 – топ: Қаршыға .
2) Сәттілік тілеу (музыка ойналады, көз жұмылуы, алақанды түйістіріп, жылы сөздер айту)
Сиқырлы сандық ойыны
Сиқырлы сандықтан әр топқа тапсырма беріледі:
1 – топ: 1) Жалқау немере ертегісінде әжесі немересіне қандай ой айтты?
2) Еңбектің наны тәтті дегенді қалай түсінесің?
2 – топ: 1) Әжесі мен немересі неліктен ашықты?
2) Жалқаудың жаны тәтті дегенді қалай түсінесің?
3 – топ: 1) Немересінің еңбек етуіне не әсер етті?
2) Осы ертегі бізді неге тәрбиелейді?

ІІ. Қызығушылықты ояту.
а) жұмбақ шешу
Оның тіккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды.
Шыға қалса жұлымы,
Әдемілеп баптайды.
(етікші)
Осы айтылған жұмбақтың шешуі болатын сөзді табу үшін тылсым санды шешіп көрейік.

ә) Тылсымсан шешу.

19 - 3--------60 - 8-----------30+10---------80 - 25----------25+5-----------17+23-------------22+18
16 – Е -------52 – Т ---------40 – І ---------55 – К ----------30 – Ш --------40 - І---------------40

- Балалар, қандай сөз шыққан екен?
- Енді осы тылсымнан шыққан сөзді оқиықшы? (етікші)
Ендеше бүгінгі біздің жаңа сабағымыз Етікші деген ертегі. Мақсатымыз: осы ертегіні түсініп оқуға үйрену, мағынасын ашу, негізгі ойды анықтау, өз ойымызды айтып жеткізу.

ІІІ. Мағынаны ажырату.
1) Үнтаспадан Етікші ертегісінің 1, 2 абзацы оқылады.
2) Оқулықпен жұмыс: келесі абзацтарды оқушылар тізбектеп оқу.
Топтық жұмыс: (1 тапсырма)
1 – топ: Келесі бес абзацты оқиды да, мағынасын ашады.
2 – топ: Келесі төрт абзацты оқиды да, мағынасын ашады.
3 – топ: Келесі абзацтарды оқып, мағынасын ашады.

ІV. Сөздік жұмыс
 Қобди – ұсақ-түйек салатын кішкене жәшік
 Иесіз қыстау – бос қалған, иесі жоқ үй
 Дәу – үлкен, зор
 Мұрат – алға қойған мақсат, арман, тілек

VІ. Топтық жұмыс (2 тапсырма дәптермен жұмыс)
1 – топ: Дәуге мінездеме жазыңдар.
2 – топ: Етікшіге мінездеме жазыңдар
3 – топ: Еңбек туралы 2, 3 мақал жазыңдар
(1, 2 жұмыстары оқылады)
Топтық жұмыс (3 тапсырма)
1 – топ: Ертегі мазмұны бойынша, өз ойларыңды білдіріңдер.
2 – топ: Етікшінің орнында болсаң не істер едің?
3 – топ: Етікші дәуден алған байлығын қалай үлестіріп бергені жайлы жазылған жерді тауып оқы.

VІІ. Шығармашылық жұмыс
Топтық жұмыс (4 тапсырма)
1 – топ: Егер мен етікші болсам (шағын әңгіме жаз)
2 – топ: Егер мен дәу болсам (шағын эссе жаз)
3 – топ: Етікшінің тіккен сиқырлы етігінің суретін сал

VІІІ. Ой толғаныс. Топтастыру.
Мына Венн диаграммасына 1 – топ дәудің қандай екенін, 2 – топ етікшінің қандай екенін, 3 – топ екеуінің ортақ қасиеттерін толтырыңдар.

ІХ. Ойын. Сиқырлы етіктің иесі . Музыка ойналып, тоқтаған кезде орындыққа отыруы керек. Отыра алмаған бала ойыннан шығады. Жеңген оқушы сиқырлы етікті иемденеді.
Х. Қорытынды: Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
Алғанымыз: білім
Жұмыс түрі: оқыдық, үйрендік, сурет салдық, жаздық
Көңіліміз: жақсы, сергек
Сезіміміз: тамаша
ХІ. Бағалау. Өзіндік бағалау

ХІІ. Үйге тапсырма: 1. Ертегіні оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу.
2. Ертегінің мазмұнына сәйкес сурет салып келу


Скачать


zharar.kz