Жүсіпбек Аймауытов өлеңіОтағасыБалалар, аттаныңдар қас қарайлы

Скачать

Жүсіпбек Аймауытов өлеңі
Отағасы
Балалар, аттаныңдар қас қарайлы.
Іңірде ұры – өтірік баспалайды.
Күн болат, ай қараңғы, қасқыр қатты,
Көкшолақ қаңғып кетсе таспалайды.
Жылқыны шашыратпай қоғамдаңдар?
Боран болса, бұйығып оранбаңдар.
Биылды ат мініп, қайрат қып, кірпік қақпай
Шыдаңдар, шырақтарым, тұтам таң бар.
Көрдің бе пысқыруын жануардың,
Жер шиыр, түрі жаман сары қардың.
Апталаған шығарар ұстап алса,
Жеріне жоламаңдар сарылардың.
Міне бір сұр бұлттың түсі суық,
Түнеріп күнбатысты тұр ғой буып,
Байтал түгіл бас қайғы сонда болар,
Айдаса сол бұлтты бір жел қуып.
Жылқыны жатқызбаңдар шиырыққа,
Қалмасын сорға жылқы жығылып та
Боран болса шұбыртын айдап барып,
Салыңдар ақтыны тығырыққа.
Ал, балалар, малдарын аман болсын.
Қызыр жар бол, бәлекет шабан болсын
Жел тынып, бұлт ыдырап, күн айығып,
Жолығар амандықпен заман болсын.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля


Скачать


zharar.kz