Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Тілді дамыту
Тақырыбы: Елордасы - Астана
Мақсаты: Балаларға Астананың көрікті жерлерін атау, өздерінің Астанадан көргендерін баяндау. Өлең жолдарын дауыс ырғағына сай айтқызу. Сөздік қорын молайту. Өзінің қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, бақылау, салыстыру, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: Астана көрінісі, Бәйтерек, үш бидің ескерткіші
Жаңа сөздер: Елорда, Есіл, парламент
Ұйымдастыру кезеңі.
Біздің туып - өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы.
- Иә, балалар, бүгінгі сабағымыз Елордамыз Астана туралы болмақ.
- Ал қанекей балалар Астана қаласына барғандарын бар ма?
Сендер Астанаға бардыңдар, сол жайлы айтып беріңдерші. Қане балалар кімде қандай сұрақ бар екен. Астана қаласына барып қайтқан балаларға сұрақ қою
Олай болса құрметті қонақтар барлығымыз Астана қаласына саяхат жасайық.
- Саяхатқа бару үшін балалар барлығын осы саяхаттың тапсырмаларын орындауларын керек.
- Балалар Астана қаласына бару үшін пойызға отыруымыз керек.
Ақтөбеден пойызға отыру үшін барлығымыз бірге сөзжұмбақ шешейік.
1) Қазақ халқының ұлттық музыка аспабы.
2) Қазақстан Республикасының елбасының есімі.
3) Қазақстанның тұңғыш ғарышкері.
4) Қазақ халқының ұлы ақыны.
5) Ас атасы
6) Қазақстан Республикасының рәмізі?
Міне балалар, біз Астанаға да келіп жеттік. Енді балалар экранға назар аударып Астана қаласын аралайық. Астана қаласы туралы видеоролик Сарыарқа даласында, Есіл өзенінің жағасында әлемді өзіне қаратқан жаңа қала бой көтерді. Ол біздің Елордамыз – Астана.
- Есіл өзені қаланы екіге бөліп жатыр. Есілдің оң жағалауында көбіне тұрғын үйлер орналасқан, ал сол жағалауы жалпы Қазақстанның саяси орталығы болып табылады.
- Есіл өзенінің сол жағалауында Президент Ақ Ордасы, Парламент Сенаты мен Мәжіліс үйлері, Конгресс холл, Интерконтиненталь қонақ үйі, тағы басқа негізгі экономикалық, саяси орталықтар орналасқан.
Балалар енді бәріміз бірге Астана қаласының көрнекі жерлерін аралап, олармен таныс болайық.
Астана - Бәйтерек монументі Елорданың басты көрнекті орындарының бірі. Есіл өзенінің сол жақ жағасында жапырақ жайған Астана - Бәйтерек бар.
97 метрлік биіктікте, шардың ішінде жаңа елорданың келбетін алақанға салғандай көрсететін панорама залы орналасқан. Күміс тұмар — Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының таңбасы салынған.
Президент саябағы Бейбітшілік және келісім сарайы мен Ақорданың жанында орналасқан. Паркте "Самұрық құс", "Төменгі алаң", "Үлкен каскад", "Грот", "Көл - қайнар көз" атты бес су бұрқақтары кешені, сегіз жасанды тоған мен каналдар бар.
Сергіту сәті
Отан туралы мақал – мәтелдер айту.
1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
3. Отан, оттан да ыстық.
4. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
5. Туған жерге туың тік.
6. Ел көркі мал, өзен көркі тал.
Сабақты қорыту
Нені білді: Астананың көрікті жерлерімен танысады
Қандай түсініктерді игерді: Өз елін сүйе білуді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жаңа сөздердің мағынасын түсінуді, байланыстырып сөйлеуді, өз ойын айта білуді үйрету.