ГМО - ның пайдасы мен зияны

Скачать

Бағыты: Жаратылыстану
Секциясы: Биология
Тақырыбы: ГМО Адам ағызасына әсері
Мазмұны
Аннотация.. 2
Кіріспе.... 3
І. ГМО дегеніміз не?.. 4
ІІ. ГМО - ның пайдасы мен зияны... 6
ІІІ. ГМО қандай таңбалары болуы тиіс?.7
Қорытынды....................... 8
Пайдаланған әдебиеттер.. 9

Кіріспе
21 - ғасыр озық технологиялардың дамыған ғасыры. Алайда бұнымен бірге осы технологиялардың бізге деген зияны да артып келеді. ГМО - лық азық - түліктің көбеюі (Генетикалық модефикацияланған организм) – қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Кез - келген дүкенге немесе сауда орындарына бара қалсаңыз алдыңыздан көздің жауын алатын, пішіндері бірдей түсі де әдемі сырты жылтыраған жеміс - жидектерді көресіз, сатып алып жатамыз. Енді сол сатып алған тағамдардың құрамы қандай? Қалай дайындалады? Қайдан келіп жатыр? Мұны біріміз білсек біріміз біле бермейміз.
Еліміздегі көкөніс, жеміс - жидектердің басым бөлігі шет елдерден әкелінетіні бәрімізге аян. Олардың сырт пішіні өзгергені, сақталу мерзімінің ұзақтығы бірден көзге түседі. Күнделікті тұтынып отырған халық та сұрамай сатып ала беретін қызанақ үйде де, базарда да тастай болып қатып жата береді. Бұзылмайды. Ал өзіміз өсірген қызанақ екі - үш күннен кейін босап, жарамсыз болып қалады. Жүзімнің өзін алсаңыз, әдеттегі табиғи көлемінен екі есе үлкейіп, картоппен бірдей. Тіпті, осы күнгі шұжық, котлет дегендердің құрамында мүлде ет болмайды. Ол кәдімгі шетелдің соясы, еттің дәмін келтіретін түрлі қоспалардан жасалады. Мұндай өнімдерді ғылыми теорияда гендік модификацияланған организмдер (ГМО) деп атайды. Бүгінде әлемдік нарықты гендік инженерияның жемісі – гендік модификацияланған организмдер мен өнімдер (ГМО) жайлап келеді. Сыртқы саудаға есігі ашық ел ретінде бұдан біздің ел де тысқары қалып отырған жоқ. ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда - зияны қаншалық екенін қарапайым халық әлі біле бермейміз. Себебі ГМО - нің адам денсаулығына әсері әлі толық зерттеліп бітпеген. Бірақ халық білмеген у ішеді деп, ас мәзіріне қолдануда. Гендік модификация XX ғасырдың биология саласындағы үлкен жетістігі. Бірақ, негізгі сұрақ осы гендік модификацияланған азық - түліктердің адам ағзасына әсері болып отыр.

ГМО дегеніміз не?
ГМО (гендік модификацияланған организмдер) – гендік инженерияның табысты жемісіне айналып отыр. Нақтырақ айтсақ ГМО – бір ағзаның геніне бөтен ағзаның генін енгізу арқылы пайда болады. Мысалы, шет елдерден тасымалданатын шие мен қытай қиярына шошқаның гені қосылады екен. Америка 1983 жылы биологиялық қару жасау барысында ең алғашқы гендік модификацияланған өсімдіктерді өндірген. Сосын, гендік модификация 1986 өсімдіктерді үсіп кетуден сақтау үшін пайдаланылған. Бұл ол кездері ғылымдағы үлкен жетістіктердің бірі болатын. 1992 жылы осы әдіспен Қытайда зиянкестер залал келтірмейтін темекі өндірілген. 1994 жылы тасымалдау кезінде бұзылмай сақталатын қызанақтар өндірілді. Содан бастап ГМО мәдениеттің дәурені жүре бастады. Оған себепші болған Американдық Monsanto фирмасы еді. 2006 жылы 22 елдің 10, 3 млн. фермері 102 млн. гектар жерге ГМ - өсімдіктің сан түрін алған. Мәселен, осы жолмен өсірілген картоп, алма, мақта, жүгерілерге құрт мүлде түспеген. 2006 жылы 97% трансгендік өсімдіктерді АҚШ (53%), Аргентина (17%), Бразилия (11%), Канада (6%), Индия (4%), Қытай (3%), Парагвай (2%) және Оңтүстік Африкада (1%) өндірген. Бүгінде дүкен сөрелерінде тұрған тағамдардың құрамына ГМ - соя, ГМ - жүгері, ГМ - крахмал, ГМ - ақуыздың қосылатыны белгілі. Monsanto фирмасы өндірген ГМ - жүгері АҚШ нарығында көш бастап тұр. ГМО - ның араласпаған жері жоқ. Биологиялық және медициналық зерттеулерде, фармацевтикада, ауыл шаруашылығында, тамақ өндірісінде кеңінен қолданылып келеді.
ГМО - бұл гендік кодына бөтен гендер жабыстырылған ағзалар болып табылады. Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян геннін қосу нәтижесінде біз ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз. Немесе, күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған солтүстік камбаласының генін пайдаланған. Енді ол аязға төзімді, үсімейді. Бұл бізге не үшін қажет? Ғалымдар аштықтың алдың алудың жолы осы деп шешті ме? Айтып өткен картоп өнімі колорад қоңызынан зардап шекпейді, помидорды солтүстік аязында да өсіруге болады. Сонымен бірге, бір пішінді бірақ дәмсіз алмалар әбден шіріп біткенше керемет иіс береді. Қазір байқап қарасақ сатылатын жемістер сондай әдемі, біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді. Ыңғайлы! Күріш геніне астық тұқымдастарында ешқашан болмаған А витаминін өндіретін генді қосуға болады. Сонымен, ғалымдар дақылдардың өнімділігін арттыру үшін олар зиянкестерге төзімді болу үшін аз уақыттың ішінде жаңа сорттар шығаруда.
Ең кең таралған гендік модификацияланған дақылдарға — соя жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс, картоп жатады.

Орындаған: Қалиасқарова Күмісай
Алтыншоқы орта мектеп - бақшасы КММ
Жетекшісі: Калиева Бота Абдыкаримовна, биология пән мұғалімі
ГМО Адам ағызасына әсері жүктеу


Скачать


zharar.kz