Мағжан Жұмабаев
Достықты мастық туғызад,
Шын-шын достар - екі мас.
Жүректі мастық өртейді,
Төккізіп көзден ыстық, жас.
Достықты ауру туғызад,
Ауру адам - адал дос.
Ауру көз жас төккізед,
Ауырсаң ғана жүрек бос.
Айық адам - аң адам,
Дені сау адам - бейне тас.
Достыққа баға бере алмас,
Төкпес ол көзден ыстық, жас.
Шын дос боп ыстық жас төксін
Десең, досқа арақ бер,
He болмаса, Тәңіріден
Ауру бер деп тілей көр!