Құдайды танымайтындар

Скачать

Ғажайыпқа сену керек.

Кішкентай бір бала ертегі кітап оқығанды жақсы көреді екен. Оқыған ертегілері ғибратқа толы, ақылды болуға шақырады екен және бала оған сенеді екен. Ол өзінің сүйікті ертегісіндегі ғажайыпты осы өмірден іздейді бірақ таппайды. Көңілі түсіп кеткен бала анасына келіп, өзінің ғажайыпқа сенетіні дұрыс па, бұрыс па екенін сұрайды. Мүмкін, бұл өмірде ғажайып деген мүлде жоқ шығар!
- Құлыным - ау, - деп сүйсінген анасы баласына былай деп жауап беріпті: - егер сен ақылды да мейірімді бала болып өссең, ертегідегі ғажайыптардың бәрі сенің өміріңде орындалады. Есіңе сақта, - ғажайыпты іздеме, мейірімді жандарды ғажайыптың өзі іздеп келеді, деген екен.
Жақсылық жасайтын жандарды жаратушы Құдай; жамандық жасайтындар Құдайды танымайтындар.

Дайындаған: Жадыр

Қызықты әңгімелер білсеңіз бізге жолдаңыз, сайтта жарияланатын болады.


Скачать


zharar.kz