Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Word бағдарламасы бойынша оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру, редактормен жұмыс жасау ережелерін бекіту;
2. Дамытушылық: Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
3. Тәрбиелік: Тәртіпке, ұқыптылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: пысықтау, білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, жеке және топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, Word мәтіндік редакторы, слайд, интерактивті тақта, венн диаграммасы, тесттер, электрондық оқулық, таратпа карточкалар т. б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, екі топқа бөлу, қызығушылықтарын ояту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Венн диаграммасы ұсынылады. Оқушылар 7 сыныпта өткен WordPad мәтіндік редакторы мен Word мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін жазады.
Мәтіндік редактор
Word
↓
Мүмкіндіктері
Құжаттарды құру және теру, қаріптер жиынын пайдалану, кестелер, графиктер, математикалық формулалар пайдалану, емле ережесін тексеру, сөздерді автоматты тасымалдау, сақтау, баспаға басып шығару.
WordPad
↓
Мүмкіндіктері
Қарапайым мәтіндік редактор
Мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, әртүрлі қаріпті орнатуға болады, сақтауға және баспаға басып шығаруға болады.
ІІІ. Негізгі бөлім
1. Информатикалық диктант
1. Microsoft Word - ты іске қосу әрекетін жаз
2. Терезе элементтерін рет ретімен жаз
3. Меню жолы командаларын ретімен жаз
4. Редакциялау дегеніміз -.............
5. Мәтінді форматтау дегеніміз
6. Құжаттың әрбір бетінің жоғары немесе төмен жағына басылатын мәтін немесе сурет не деп аталады?
7. Microsoft Word - та кестені құру әдісін жаз
8. Microsoft Word суреті қалай қойылады?
2. Құралдарды сәйкестендір
Тақтадағы құралдарды оған сәйкес келетін қызметімен сәйкестендіреді.
1 - топ Стандартты құрал - саймандар тақтасы