Бірінші ана

Скачать

Тақырыбы: Адамгершілік - асыл қасиет (4 сынып)
Мақсаты:
Оқушыларға адам бойындағы асыл қасиеттерді таныта отырып, адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа, инабаттылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бір - біріне деген сыйластық қасиеттерін арттыру, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге үйрету
Міндеті: Жас ұрпақ тәрбиесінің маңызы жайлы айтып өту. Қазақ отбасындағы тәрбиеге жете тоқталу
Әдісі: топпен жұмыс әңгімелесу, сұрақ - жауап
Көрнекілігі:
1. Нақыл сөздер:
а) Адамның ішінде болмайды аласы,
оларды бұзатын - нәпсінің таласы.
(Шәкәрім)

ә) Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.
(Әл – Фараби)

б) Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ана, адал құрбы, жақсы ұстаздан болады.
(Абай)

2. Сұрақ белгісі түрінде қиылған фигураларға жазылған сұрақтар, Жағымды әдеттер және Жағымсыз әдеттер екеуі жеке плакаттың басына жазылған, маркер, үлестірме карталар, магнитофон

Тәрбие сағатының барысы.
Құрманғазы Сағырбайұлының Сарыарқа күйі баяу үнімен, тәрбие сағаты басталады.
ІІ. Сынып жетекшісі тәрбие сағаттың тақырыбын баяндап, мақсатын айтып, кіріспе сөзбен бастайды

Кіріспе бөлім.
Мұғалім: Бүгінгі Адамгершілік – асыл қасиет
атты тәрбие сағатымыз сіздерге терең ой салатын өзіндік салмағы бар тақырып деп ойлаймын. Барлығыңызды тақырып бойынша ашық әңгімеге шақырамын. (Алдын - ала дайындалған сұрақ белгісі түрінде қиылған фигураларға жазылған сұрақтарды бір - бірден тақтаға жапсыра отырып, сұрақ - жауап әдісімен оқушыларды сөйлету).
- Адамгершілік дегенімізді қалай түсінесіңдер?
- Адамның адамгершілік қасиеті қай кездерде көрініс береді?
- Ол қасиет бізге керек пе?
- Әдепті адам қандай болады?
- Әдепсіз адам қандай адам?
- Адалдық дегеніміз не?
- Әдет дегеніміз не?
Адамгершілік деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін Рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не? - сұрақтары төңірегінде ой өрбітемін. Рух – адам бойындағы бір қуат. Ол қуат - адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттер мен жасайтын барлық игі істердің қайнар көзі. Жаратылыстың барлығы екі қарама - қарсы нәрседен тұрады: ақ - қара, күн - түн, ыстық - суық, жақсы - жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан, оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың - рух пен нәпсі күресі жүріп жатады. Осындай қасиеттерді бар адамға адамгершілігі мол болады.

Негізгі бөлім:

1. Сахналық көрініс: Бір ана жұқа қалтаға толтырып салынған алмасы бар, аялдамаға жақындай бере сүрініп кетіп, қалтасы жыртылып алмасы шашылып қалады. Аялдамада тұрған топ бала шу етіп күліп жібереді. Оқушыларға сұрақ қойылады: сендер сол балалардың ішінде боласыңдар не істер едіңдер? (оқушылар өз ойын айтады, мұғалім қорытындылайды)

2. Көрініс: Үш ана басы қосылып, әңгімелесіп тұрды.
Бірінші ана: Менің балам өте ақылды, әнші, өнерлі, математикадан нашар болғанымен болашақта керемет бір танымал кісі болатынына сенемін - дейді баласын мақтап.
Екінші ана: Менің балам әдемі, таза киінгенді ұнатады. Ақшаның да есебін жақсы біледі. Шамасы болашақта балам үлкен бизнесмен болады - ау ,- деп мақтанады.
Үшінші ана үндемей тұрып қалады.
Сол кезде үш ана қарияның жолдан өтуіне көмектесіп, қолтығынан демеп, сөмкесін көтерісіп келе жатқан баланы көреді. Бұл үндемей қалғаны үшінші ананың баласы еді. Қария балаға алғысын жаудырып кете берді.
Үш бала аналарына жақындады. Алғашқы екі ананың балалары аналарынан балмұздаққа ақша сұрай келді. Ал, үшінші бала анасына бүгінгі сабақтан бестік баға алғанын айта келді.
Сұрақ? Қай баладан болашақта не күтуге болады? (Оқушыларды сөйлете отырып сұраққа жауап алу)
Мұғалім көріністі мақалмен қорытындылайды:
Жақсы жаман болу міндет емес,
Жақсы адам болу борыш

3. Оқушылар екі топқа бөлініп, адамгершілік туралы айтылған өлең жолдарын талқылайды
Мұғалім: Ұлы Абайдың
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз ,- деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады? Ол қандай қасиеттер?

1 топқа сұрақ: Неден жирену керек? (Оқушылар өлеңді жалғастыру арқылы жауабын айтады)
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Абай


Скачать


zharar.kz