Квадраттық функцияның графигі қандай сызық

Скачать

8 - сыныпта алгебра пәнінен Квадраттық функция тарауын аяқтаған соң білім байқауын өткіздім.
Сынып оқушыларын Ойшылдар , Тапқырлар , Зерделілер деп үш топқа бөлдім. Әр топтың өз ұраны, төсбелгісі белгіленді.

Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тарау бойынша оқушылардың білімдерін байқау, кеңейту, тиянақтау және толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық ізденістерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой - өрісін кеңейтуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік беру, өз бетімен жұмыс жасауға қалыптастыру.
Тәрбиелілік: Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, дәлдікке, шапшаңдыққа және өзін - өзі басқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім байқауы
Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ - жауап, талдау, есеп шешу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, кеспе қағаздар

Сабақтың құрылымы:
І кезең Ширату (Ауызша сұрақтар. Әрбір сұрақ 1 ұпай)
ІІ кезең Төртеу түгел болса, төбедегі келеді (Топтық жұмыстар)
ІІІ кезең Біліміңді байқап көр (Өзіндік жұмыс: деңгейлік тапсырмалар)
ІV кезең Білімді мыңды жығар (а) Топ жетекшілерінің сайысы: Шығарма - шылық жұмыстарды қорғау. ә) Мақалдағы сандар арқылы квадрат теңдеу құру)
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру: Оқушыларды түгелдеу, сабаққа ынтасын аудару
ә) Сабақтың мақсаттарымен, өту әдісін түсіндіру

2. Негізгі бөлім.
І кезең Ширату (Ауызша сұрақтар. Әрбір сұрақ 1 ұпай)
Квадраттық функция қандай формуламен беріледі?
Квадраттық функцияның графигі қандай сызық?
Квадрат теңдеудің түбірлерінің болу, болмауы неге байланысты?
Квадрат үшмүше көбейткіштерге қандай формула бойынша жіктеледі?
Квадраттық функцияның графигі қандай сызық?
у=ax^2+bx+c функциясының a 0 болғандағы қасиеттері.
у=ax^2+bx+c функциясының a0 1түбірі бар
D


Скачать


zharar.kz