Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, Әліппе , Ана тілі , Матем оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.
Мұғалім:
Армасыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы Әліппе . Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі - әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
1 - жүргізуші
Қайырлы күн, уа, халайлық!
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
2 - жүргізуші
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Бүгін біз жай жиналған жоқпыз. Бүгінгі біздің мерекеміз әліппенің мерейтойына арналып отыр. Қарсы алыңдар - 1а сынып оқушылары.
1 - жүргізуші
Балалар, бүгінгі соңғы рет әліппе оқулығына саяхат жасап, қош айтысасыңдар. Әліппеге саяхат жасауға әзірміз бе? – Ендеше. Сынып, әліппеге саяхат жасауға әзірлен! (музыка)
Оқушылар: - Алыстан бір зат көрінеді (дүрбімен қарап) Қайықты жағаға бур
2 - жүргізуші
Суреттермен сөйлескен, Әріптерді үйреткен. Баспа әріппен жазба әріп. Дауысты мен дауыссыз. Айтыңдаршы, балалар қай оқулық үйреткен? Оқушылар хормен: ӘЛІППЕ! ӘЛІППЕ!
Іші толы әріпке
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар -
Ол сүйікті - Әліппе
Ол сүйікті - Әліппе
- Олар болса бәрімізге ең қымбат әліппенні
Хормен. Әліппе Әліппе
Әліппе: Сәлеметсіңдер ме, құрметті оқушылар! Құрмет көрсеткендеріңізге рақмет
Ер жігіттің үш жұртты болады. Мен өзіммен бірге осы қуанышты бөлісуге туған туысқандарымды шақырдым. Өз жұртым дауысты дыбыстар. Нағашы жұртым - дауыссыз дыбыстар. Қайың жұртым – ъ – ь белгілер.
Ә: Мен бүгін қиындық пен қызықты бірге бөліскен жан досым, ұстазымды қонаққа шақырып едім. Сол кісі бар ма?
( 2 оқушы мұғалімді ортаға алып шығады)
Мұғалім: Уақыт... уақыт – жүргізуші жарыса ескен жел секілді, бір күннің артынан екінші күннің қалай туып жатқанын байқамай қаласың.
Уақыт – жүргізуші жөңкіле көшкен бұлт секілді, бүгінгі күніңнің қалайша өзіңнен алыстап бара жатқанын аңғармай қаласың.
Уақыт – жүргізуші жараса аққан су секілді, ертеңгі күніңнің қалай жақындап қалғанын байқамай қаласың. Шынында да 2 тоқсан тез зымырап, өте шығыпты. Ол біреуге аз, біреуге көп көрінер. Бұрынғы сәттерің кімнің есінде қалған екен?
1 - жүргізуші
Ол менің есімде:
Есімде ұстаздың алғашқы қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
2 - жүргізуші
Йә, йә есімізге түсті. Ол кезде біз әр үйдің мәпелеген кіп - кішкентай ерке балалары едік
Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Ұстазым кілтін оның алып берді
М: - Құрметті Әліппе сен шаршаған шығарсың, кел тойымыздың төріне шық балалардың саған айтар алғысы мол, отырып, тыңда.
Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
3 - о
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа
Ән: Әліппе
1 жүр. Қане беріп қарайық
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық
Оқушылар тақпақтарды оқыйды (А - Я)
Әліппе: Айтпақшы Алматы қаласындағы мен шыққан Алматыкітап баспасынан электрондық поштамызға жаңа ғана хат келді. Сол хатты бірге оқиық.
Амансыңдар ма балалар! Міне әйбат кітап әліппемен қоштаспақсыңдар. Біз сіздердің жақсы оқып, елін, жерін сүйетін жаны ізгі азамат болып өсетіндеріңізге сенеміз! Әліппемен қалай дос болсаңдар, ана тілі оқулығымен де солай дос болады деп сенеміз.
Ана тілін ренжітпеңдер!
2 жүргізуші: Балалар олай болса Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
Армысыңдар жас достар!
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын
Түсіндірер бәріңе
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім - елдігім
Ана тілім болмаса
Бүтінделмес кемдігі
- Әліппе, көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі. жүктеу