Әбдібек Жаманбаев
Ақсақал амансыз ба, аталарым,
Бар болса, кешіргейсіз қаталарым.
Аман - сау тағы оралып келді балаң,
Қабыл боп қалыс - дұға баталарың.
Барсыз ба, дұғагөйім - шешелерім,
Қамығып қалып едің нешелерің.
Ағызып, ақ сүтіңді емізумен
Өсірген аналарым кеше менің!
Сіздерге бердім сәлем, ағаларым,
Жарасқан етек - жеңге жағаларым.
Мен жоқта мәлім болып қалған шығар,
Қаншалық арзан - қымбат бағаларым.
Қайдасың, махаббатты жеңгелерім,
Естіліп, қуантты ма мен келерім.
Алысып, айналақтап мазаңды алған,
Мінеки, шыға келді делбелерің.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
3 сынып оқушысы Дарханқызы Айерке