Сабақтың тақырыбы: Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез (сын есімнен өткенді қайталау)
Сабақтың мақсаты:
1. Сын есімнен алған білімдерін, іскерлік дағдыларын тексеру, бағалау және меңгерту
2. Эстетикалық тәрбие беру, сабаққа деген сүйіспеншілігін арттыру, әдемілікті, сұлулықты түсінуге тәрбиелеу
3. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал жасау, ойлау шеберліктерін, сөйлеу мәдениеттерін дамыту
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тест, кестелер, плакаттар
Сабақтың түрі: сайыс, жинақтау, топшылау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілікпен жұмыс, топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
Негізгі кезең
І. Сиқырлы сандықша (сұрақ - жауап)
Кімде - кім жұмбақты тез шешсе, сол оқушы сиқырлы сандықшаны ашу құрметіне ие болады. Сандықшаның ішінде сиқырлы сұрақтар бар.
Жұмбақ
Есімнен ол жасалған,
Заттың сынын білдірер.
Анықтап ол тұрады,
Сөйлем оның тұрағы. Ол не?
(сын есім)
1. Тілімізде неше сөз табы?
2. Сөз дегеніміз не?
3. Сөйлем дегеніміз не?
4. Неше сөйлем мүшесі бар?
5. Тілімізде жұрнақ көп пе? Әлде жалғау көп пе?
6. Жалғаудың неше түрі бар?
7. Сөз табын нешеге бөлеміз?
8. Сын есім дегеніміз не?
9. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
10. Сын есім мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
11. Сын есім жасалу жолына қарай неше түрге бөлінеді?
12. Сын есім құрамына қарай неше түрге бөлінеді?
13. Сын есімде неше шырай бар?
14. Сын есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?
15. Ішінде сын есім бар мақал білесің бе?
ІІ. Тізбек ойыны
Оқушылар бір сын есімі бар сөзді айтады. Соңы қандай дыбысқа айналса, келесі оқушы сол дыбыстан басталатын сын есімді айтады.
ІІІ. Кім жылдам?
Тақтада жазылған сын есімге бірнеше (5 немесе 6) зат есім тіркеп жаз
ІҮ. Алдардың ала дорбасы
Бір сөзбен айтқанда қалай дейді?
1. Қиыстырып, тауып сөйлейтін сөзге шешен адамды кім дейді?
2. Айтқанға сене салатын, еш нәрсені байқамайтын адамды кім дейді?
3. Көрінгенге соқтыға беретін баланы кім дейді?
4. Тез ашуланшақ баланы кім дейді?
5. Ата - анасының бірінші баласын, бірінші туған баланы кім дейді?
6. Ата - анасының соңғы өмірге келген баласын кім деп атайды?
Ү. Жұмбақтай ата сәлемдемесі (сын есімді табу)
1. Үй үстінде ұсақ тас. (жұлдыз)
2. Көк күшігім көкке қарап ұшады. (түтін)
3. Белі бүкір, алысқа түкір. (мылтық)
4. Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр (қазан мен от)
ҮІ. Кім тапқыр?
А , Ә дыбыстарынан басталатын сын есімдерді топтап жазу
ҮІІ. Есеп
жабық ------- жазық
а -------------------- а
б -------------------- з
ы ------------------- ы
қ -------------------- қ
ҮІІІ. Терме сынақхаты (мәтіннен сын есімді теру жазу)
Ескендір өте сүйкімді оқушы. Ескендірді шешесі өте зерек оқушы деп мақтайды. Бірақ ол тез ашуланшақ бала. Ескендір ауылдың ұсақ балаларымен ойнайды.
Өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар
Жаман көлдің суы ащы, Жаман адамның тілі ащы
Ең тәтті де, ащы да тіл
ІХ. Шешендік сөздер (көрініс)
Балалар, ата - бабаларымыздан мирас болып қалған ауыз әдебиетінің бір түрі шешендік сөздер. Осы шешендік сөздердің арасынан сын есімдер кездесіп отырады. Көрініс көрсету, сын есімдерді табу