Әбілхайыр хан қайтыс болған жер

Скачать

Әбілхайыр хандығы (Өзбек хандығы)
Конспект
1428 жылы ақсүйек, шонжарлар 17 жастағы Әбілхайырды хан етіп сайлады. Хандық Өзбек ұлысы, Өзбек хандығы, Шайбани ұлысы, Әбілхайыр ұлысы деп аталды. Ұлыстың алып жатқан жері мен халқының көпшілігі қыпшақтар болғандықтан, оны Қыпшақ хандығы деп те атаған. Әбілхайыр хандығы батысында Жайық, шығысында Балқаш, оңтүстігінде Арал мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде Тобыл, Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатты. Рузбихан дерегі бойынша, Әбілхайыр хандығы негізгі үш халықтан – шайбанилерден, қарақалпақтардан және қазақтардан тұрған.
1431 жылы Екіретүп деген жердегі Тоқа Темір ұрпақтарымен болған шайқаста Әбілхайыр жеңіске жетті. Кейін Орда - Базарды бағындырып, өзінің орталығы етті. Оған дейін астана Тура қаласы болған. 1446 жылы Әбілхайыр хан Атбасар маңында Мұстафа ханды тас - талқан етті. Бұл жеңістен кейін Сығанақ, Аркөк, Созақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алды. Cығанақ қаласын өзінің орталығы етті. 1446 жылы Самарқанды алды.
1456 - 1457 жылдары Әбілхайыр хан Сығанақ қаласы түбінде Үз - Темір бастаған ойраттардан жеңіліп қалды. Ол 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Аққыстау деген жерде қайтыс болды. Қазақ хандығының құрылуымен Әбілхайыр ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқығынан айырылды.
Конспект сұрақтар
1. Әбілхайыр хан қайтыс болған жер:
2. Әбілхайыр хан Сығанақ түбінде жеңілді:
3. Әбілхайыр ханның Самарқанды алған жылы:
4. Әбілхайырдың Мұстафа ханды жеңген шайқасы болды:
5. Тоқа Темір ұрпақтарымен болған шайқас:
6. Әбілхайыр хан әскерінің құрамына қосылған ру - тайпа саны:
7. Әбілхайыр ханның көп күш - жігерін жұмсаған жері:
8. Әбілхайыр хандығы шайбанилерден, қарақалпақтардан, қазақтардан тұрған деп жазды:
9. Әбілхайыр хандығының батысындағы аймақ:
10. Әбілхайыр хан болып сайланды:
11. Әбілхайыр 16 жасында тұтқынға түседі:
12. Найман, бұйрық, қарлұқ тайпаларының қыстаған жерлері:
13. Масуд ибн Усман Кухистанидің еңбегін көрсетіңіз:
Тақырыптың тесті


Скачать


zharar.kz