Сабақтың тақырыбы: §21. Өсімдіктердің өсімді ( вегетативті ) мүшелер арқылы көбею жолдары
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушыларға өсімдіктің өсімді мүшелер арқылы көбею жолдарын үйрете отырып, білім деңгейлерін көтеру
ә) тәрбиелілігі: оқушыларды ізденімпаздыққа, бір - бірінің пікірін сыйлауға, өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу
б) дамытушылығы: оқушылардың ой - танымдық белсенділіктерін дамыту, өз бетімен әрекет ете алатын, ізденімпаз жеке тұлға қалыптастыру
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс, деңгейлеп - саралап оқыту
Сабақтың әдіс: Түсіндірмелі - иллюстративті әдіс, проблемалық мазмұндау әдісі, топтық, жеке шығармашылық жұмыстар
Сабақта қолданылатын жаңа технология: үш өлшемді жүйе технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызбалар, үлестірмелі топтамалар, слайдтар
Пәнаралық байланыс: информатика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу.
Б) оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
В) сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
І - деңгей Репродуктивтік деңгей
Кім жылдам?
1. Сарыағаштың жапырағы неге айналған?( тікенге )
2. Тікенге айналған жапырақты сояудан қалай ажыратуға болады, өсімдік үшін қандай маңызы бар?( тікенге айналған жапырақтарда жапырақ жүйкелерінің ұшы тақтасының жиегі тікенекті болады )
3. Ылғал жетіспейтін шөлді, шөлейтті, құмды жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары қалай аталады? ( жетілмеген жапырақтар)
4. Асбұршақ пен үрмебұршақтың жапырақтары неге айналған?( мұртшаға )
5. Шырынды жапырақтарды ата ( бозкілем, сарысалма )
6. Теңгежапырақты шықшылдақ қай жерлерде тіршілік етеді? (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан )
7. Қабыршаққа айналған жапырақтардың маңызы? ( бүршіктің, пиязшықтың ішкі бөліктерін зақымдануда, улы газдардың зиянды әсерінен қорғайды )
8. Тікенекті жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы?
9. Жапырақ түктері тікенге айналған өсімдік? ( итмұрын )
10. Түрін өзгерткен жапырақтарды ата ( тікен, мұртша, қабыршақ, шырынды жапырақ, бунақденелілерді ұстауға арналған жапырақтар)
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі
Біліміңді тексер кесте толтыру
Тікен -----------Мұртша---------- Шырынды -------- Аулағыш құрал
Түйетікен
Шағыртікен
Сарыағаш
Кактус
Қарлыған
Асбұршақ
Үрмебұршақ
Пияз
Қырыққабат
Шықшылдық
Шыбынжұт
ІҮ. Мақсат қою кезеңі
Жоспары:
1. Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею
2. Өсу мүшелерінің бөліктері арқылы көбейту
3. Телу арқылы көбейту
Ү. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
ҮІ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі
ІІ - деңгей Алгоритмдік деңгей
Сызықтық диктант
Әр оқушының алдына параққа жазылған сызықтық диктант беріледі. Сөйлем дұрыс жазылса + , қате болса - белгісін қояды.
● Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбеюге пиязшық арқылы көбею жатады
● Картоп мұртшалары арқылы көбейеді
● Қызғалдақ түйнек арқылы көбейеді
● Көзшелеп телуде бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластыру
● Інжугүлді пиязшық арқылы көбейтеміз
● Жас өркендері арқылы тал, терек, қарағаш, үйеңкі көбейеді.
ҮІІ. Бекіту кезеңі
ІІІ – деңгей Эвристикалық деңгей
Ой толғау
Әр оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
Телудің маңызын түсіндіріңдер
ІҮ - деңгей Шығармашылық деңгей
Шығармашылық жұмыс
Мектеп гүлзарларына сәндік үшін өсіретін тамырсабақты, түйнекті, пиязшықты отырғызу тәсілі.
ҮІІІ. Бағалау
ІХ. Үйге тапсырма беру кезеңі
§21. Өсімдіктердің өсімді ( вегетативті ) мүшелер арқылы көбею жолдары