Тақырыбы: Біріккен сөздер
Мақсаты: Біріккен сөздер туралы түсінік беру
Міндеттері: 1) Біріккен сөздер туралы ұғымымен таныстыра отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізу.
2) Оқушыларды ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
3) Топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелей отырып, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойларына сіңіру, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой қорытындылау
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, еңбекпен баулу.
Көрнекіліктер: слайд біріккен сөздер
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу
Ә) Оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау
Мұғалім балаларға орындарынан тұруды ұсынады:
- Бір - біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды созыңдар.
Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)
Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)
Күлімдеп күн бүгін, (қасындағы балаға қарайды)
Қарады саған да.
Сәлем деймін достарға
Сәлем барша ұстазға.
Тату болып халықтар,
Аман болсын балалар!
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: 28 – жаттығу күрделі сөзді оқып мағынасын түсіндір, оларды топтастыру.
1) Оқулықтағы 75 - беттегі сызба Өткен сабақта танысқан күрделі сөздерге слайд бойынша ауызша сұрақтар арқылы пысықтап алу бойынша жасау, топтау.
Күрделі сөздердің жасалу жолдары
Біріккен сөз
Қос сөз
Тіркесті сөздер
Қысқарған сөз
ІІІ Жаңа сабақ Слайд (ақ+қу, ақ+бөкен, тас+бақа, қос+аяқ ) суреттері.
- Осы суретте күрделі сөздерді көріп байқап тұрған шығарсыңдар, күрделі сөздің қандай түрін көріп тұрсыңдар?
- Күрделі сөздері қалай жасалып тұр, тас және бақа, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөз, сол сияқты шаң және сорғыш, сөзі де екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөз, ендеше бұл сөздер біріккен сөз болып табылады.
- Қорытынды: кейбір сөздер екі түбірден құралады, екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады. Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.
- Оқушыларды топқа бөліп алу (1, 2, 3 топқа)
- Әр топқа қиынды сөздер: 1 - топ аққу, Ақмарал, бұзаубас
- 2 - топ күркетауық, желтоқсан, жарқанат
- 3 - топ саңырауқұлақ, итмұрын, жетіқарақшы
- (осы сөздерді біріктіріп біріккен сөз жасау, ішінен ұнаған сзді алып топ атауын шығарамыз сол атау бойынша топ атауын қорғау.)
- Жақсы балалар
- (ГҮЛ ЖАСАУ)
- Мен сендерге әр топқа дөңгелек қағаз қиындыларын таратамын сол қиынды ішінде сөз жазылған біз гүл жасаймыз, оны талдау Кісі аттары қалай жазылады ал ортасына өздерің тиісті сөз жазып көреміз.
- Жасалған гүлдерін тақтаға іліп қою
- Дәптермен жұмыс: 33 - жаттығу Кітаптағы сөздерді 1 - 2 - 3 топқа бөліп беру
1. Әдемілеп жазу сол сөздерді
2. Топ болып түбірін анықтау
3. Әрқайсың бір - бір сөйлем құрап жазу
4. Аяқталған топ қол шапалақтайды.
- Қандай қорытынды жасаймыз
- Ережесін айту.
- Осының ішінде сендерге таныс емес сөз кездесті ме.
- Сөзге түсінік.
- Бұзаубас - басы үлкен, алдыңғы аяқтарымен жер қазатын түсі сары қоңыз.
- Егеуқұйрық - ауылшаруашылығына зиянды, тұмсығы сүйір, құйрығы ұзын сұр тышқан. (Тақтада суреттерін көрсету.)
-
- Сергіту сәті:(оқушылар бірге дұрыс жасаймыз)
- Оқулықпен жұмыс:
- Оқулықта 34 - жаттығу топ бойынша қай топ шапшаң.
- Өлеңді оқып жатқа жаз.
- Өлеңде кездескен біріккен сөздерді ата.
- Шапшаңдығымызды, тәртібімізді ұмытпай мынадай жұмыс жасаймыз
- Сәйкестендіру: Слайд.(тақтада жасау)
Слайд бойынша біріккен сөзге жататын атауларды көрсету
Біріккен сөздерге жататын атаулар
Географиялық атаулар
Кісі аттары
Дене мүшелері
Ойын атаулары
Аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары
- Аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: қосаяқ, тасбақа, жолбарыс, саңырауқұлақ, көкқұтан, бәйшешек, бәйтерек, аққу т. б.
- Географиялық атаулар: Жетіқарақшы, Темірқазық, Сарысу, Қызылорда, Әулиеата, Алакөл, Талдықорған
- Кісі аттары: Айгүл, Гүлсезім, Айжан, Біржан, Ержант. т. б.
- Дене мүшелері: асқазан, ұлтабар, сегізкөз, тоқішек, мойыномыртқа т. б.
- Ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек, доптаяқ, орынсатпақ т. б.
ІV Оқулықпен жұмыс
- 35 – жаттығу (жазбаша)
- Тапсырмасы: 1 - топқа Аққұтан
- 2 - топ Шекара
- 3 - топ Көкжиек
- Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру, кестені пайдаланып дәлелде
V. Ойын Жоғалған сөздерді тап
мүйіз - бақан
суық - қазан
көл - барыс
жол - қу
алты - торғай
ақ - қарақшы
жеті - тұмсық
бір - сүйек
ақ - бақа
Табылған сөздер: Мүйізтұмсық, суықторғай, көлбақа, жолбарыс, алтыбақан, жетіқарақшы, бірқазан, аққу, ақсүйек
VІ Сабақты бекіту
Ойын:
1. Күрделі сөз дегеніміз не?
2. Оның түрлері қандай?
3. Біріккен сөзге мысал келтір
4. Біріккен сөз дегеніміз не?
5. Біріккен сөзден жасалған кісі аттарын ата
6. Біріккен сөзден жасалған жер - су аттарын ата
7. Біріккен сөзден жасалған аң - құс аттарын ата
VІІ. Сабақты қорытындылау
- Балалар, алда қандай мереке келе жатыр?
- 16 желтоқсан қандай күн?
- Осыған байланысты не білесіңдер?
- Аға - әпкелеріміз біздің егеменді ел болуымызды армандап өз өмірлерін қиды. Тәуелсіз Қазақстанның биіктен көрсететін сендерсіңдер, сондықтан елімізді, тілімізді, Отанымызды сүйіп, еліміздің патриоты, мақтанышы болайық.
VІ. Үйге тапсырма беру
- 1. 37 - жаттығу
- 2. Біріккен сөздерге байланысты ребустар дайындау. Бағалау