Оразақын Асқар
Жол әсері
Даланы байтақ қарашы,
Жолына темір төсеген
Жайқалған жас тал жағасы,
Жүргендей болдық көшемен.
Уақыттан алған озады.
Білінбей поезд зымырап.
Ұшпайды жердің тозаңы,
Кіршіксіз ауа тұнық – ақ.
Терезе ашық, қараймыз,
Сергітіп самал өбеді.
Талай маң қалды, талай тұз,
Маңда мал неткен көп еді.
Аралап өттік қаланы,
Аралап өттік егісті.
Қуана халық қарады,
Айнала берді жер үсті.
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Шилісу негізгі мектебінің
4 – сынып оқушысы Қасымбек Арайлым
Сынып жетекшісі Билибаева Қарлығаш Урамбаенва