Мәтіннің неше абзацтан, неше сөйлемнен құралғанын табыңдар

Скачать

Атырау облысы, Исатай ауданы жалпы білім беретін
Новобогат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тулеуова Бибигул Орынгалиевна

Сабақтың тақырыбы: Мәтін туралы қосымша түсінік
Сабақ мақсаты: Оқушылардың мәтіндегі негізгі ой мен тақырып туралы түсініктерін жазбаша жұмыстар арқылы бекіту.
Күтілетін нәтиже: Мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтайды.
Мәтіннің сөйлемдер мен абзацтардан тұратындығын біліп, оны түріне қарай ажыратады.
Сабақтың жүрісі
Сабақтың кезеңдері
Жоспарланған іс - әрекет
Ұйымдастыру бөлімі 2мин
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, күтілетін нәтиже анықталады.
Қызығушылықты ояту
Сұрақ - сізден, жауап – бізден
Мағынаны тану 20 мин
Топтарға тапсырмалар ұсынылады.

І тапсырма: Сөйлемдерді мәтін болатындай етіп құрастырыңдар.
Мәтінге ат қойыңдар.
Мәтіннің неше абзацтан, неше сөйлемнен құралғанын табыңдар?
Мәтін не туралы екендігін, яғни негізгі ойды табыңдар?

Бағалау: смайликтер арқылы топтар бір – бірінің жұмысын бағалайды.

ІІ тапсырма. Суреттерді мұқият тамашалаңыздар. Өздеріңе ұнаған суретке шағын мәтін құраңдар. Мәтінге ат қойып, тақырыбын табыңыздар.
Ой толғаныс 10 минут
Кері байланыс.
Жапсырмадағы жазбалар“

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz