Атомдар мен молекулалар

Скачать

Сабақ тақырыбы: Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушыларға атом - химиялық элементтің қасиетін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі екенін түсіндіру, алған білімдерін өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: логикалық ой - өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз ойын ашық айта білуге үйрету.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: плакат, карточкалар, Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, портреті, жұмбақ жинағы, слайдтар, кодоскоп, электронды оқулық.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, жұмбақ шешу.
Пәнаралық байланыс: химия, биология

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (2 мин)
а оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, олардың сабаққа әзірлігін тексеру.
б назарын сабаққа аударып, сабақтың мақсат - міндеттерін айту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин)
а сөзжұмбақ шешу арқылы өткен тараудан алған білімдерін пысықтау.
Сұрақтар:
1. АҚШ пен Англиядағы ұзындық бірлігі қалай аталады?
2. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі
3. м³ бірлігімен өлшенетін физикалық шама қалай аталады?
4. Ертеде қазақтар ұзындық бірлігі үшін қандай бірлікті қолданған?

б І тараудың ең маңызды мәселелерінен физикалық диктант алу.
● Табиғаттағы кез келген өзгерістер... деп аталады.
●... – табиғаттағы физикалық құбылыстарды әрі денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін ғылым және оқу пәні.
● Табиғаттағы зерттеудің ғылыми негізгі әдістерін атап жаз......
●.... – физикалық шаманы бірлік үшін қабылданған басқа біртекті шамамен салыстыру.
● Ғылыми деректер негізінде ұсынылған болжамдар... деп аталады.
ІІІ. Қызығушылықты ояту. (3 мин)
Ребус шешу арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын табады.
Жаңа сабақты меңгеру. (15 мин)
Ертедегі грек ғалымдары барлық заттар бөлінбейтін өте кішкентай бөлшектерден тұрады деп жорамалдаған екен. Демокрит ондай бөлшектерді атомдар деп атады. ХІХ – ХХ ғасырларда зат құрылысы туралы Демокрит болжамының дұрыстығы практикада дәлелденді. Алайда ХХ ғасырдың басында атомның да күрделі бөлшек екені, оның бір ғажабы: әлемдегі сан жетпейтін неше түрлі заттардың барлығы да 92 ғана химиялық элементтің атомдарынан тұрады. Әлемдегі бүкіл заттар осындай санаулы ғана элементтің атомдарының бір - бірімен байланысы арқасында түзілген, өзінен де кіші бірнеше бөлшектерге бөлінетіні белгілі болды.

Элементтердің аттары жоғары сыныпта Д. И. Менделеев жасаған кестеде беріледі. Олардың ең жеңілі – сутегі, ал ең ауыры – уран атомы. Әлемдегі заттардың 99 пайызы екі - ақ элементтен: сутегі мен гелийден тұрады. Ғалымдардың пайымдауынша, ғарыш денелеріндегі 10 000 сутегі атомына гелийдің 500 атомы, сондай - ақ басқа элементтердің бір ғана атомы келеді.
Әр заттың молекуласы – сол заттың қасиеттерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі. Атомдар мен молекулалардың кристалындағы орналасу ретін, олардың жалпы сұлбасын қазіргі электрондық микроскоптар мен иондық проекторларда көруге болады. Ұсақ бөлшектерді электрондық микроскоптар жүздеген мың есе үлкейте алады, ал иондық проекторлардың үлкейтуі миллиондаған есеге жетеді.
ІV. Жаңа сабақты бекіту. (8 мин)
Интерактивті тақтада оқушыларға слайд арқылы физикалық диктант беріледі.

V. Сергіту сәті. (3 мин)
а ережелерді дәптерге жазу;
в кодоскоппен жұмыс
с интерактивті тақтада жұмыс

VІ. Жаңа сабақты қорытындылау. (5 мин)
5 - жаттығуды орындау.
VІІ. Үйге тапсырма. (2 мин)
§14; 5 - жаттығу; тест дайындау.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары.
VІІ. Бағалау. (2 мин)
Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды топ басшысы бағалайды. Мұғалім кластың сабаққа қатысқанына баға береді.


Скачать


zharar.kz