Декреттік уақыт

Скачать

8 сыныпқа арналған Ұзақ мерзімдік жоспар
Сабақтың тақырыбы: Ғаламшардағы уақыт өлшемі, даталардың ауысу сызығы
Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы
Сілтеме: Жоспар, оқулық, интернет мәліметтері
Жалпы мақсаты: Уақыт өлшемі туралы білу, даталардың ауысу сызығын түсіну, еліміздің сағаттық белдеуін анықтауға сағаттық белдеулер картасын қолдану
Күтілетін нәтиже: Уақыт өлшемі туралы білу, даталардың ауысу сызығын түсінеді, еліміздің сағаттық белдеуін анықтауға сағаттық белдеулер картасын қолданады
Негізгі идеялар: Белдеулік уақыт, декреттік уақыт, жергілікті уақыт дегеніміз не екенін және жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасы мен еліміздің сағаттық белдеуін анықтауды оқып үйрену.
Оқыту құралдары: Қазақстанның, ТМД - ның физикалық картасы, Дүние жүзінің, ТМД елдерінің сағаттық белдеулер картасы, Глобус, сызбалар.
Тапсырмалары: Сыни тұрғыдан ойлауға Ой қозғау сұрақтары
Топтық жұмыс: Жигсо
Сұрақ - жауап

Жұмыс дәптері
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
Ұйымдастыру: 1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. (5 минут)
2. Топқа бөлу: қағаз парақшалары арқылы топқа бөлінеді (2 минут)
І. Сыни тұрғыдан ойлауға Түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтары (5 минут)
1. Жер шарында неше сағаттық белдеу бар
2. Бастапқы сағаттық белдеу қай жерден басталады?
3. Еліміз нешінші сағаттық белдеуде орналасқан?

ІІ. Жаңа сабақ: Топтық жұмыс Жигсо (25 минут)
4 топқа бөлу арқылы Белдеулік уақыт, декреттік уақыт, жергілікті уақыттарға түсінік беріп және Жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасын анықтап, қорғау. Жер шары 24 сағаттық белдеуге бөлінген. Әр сағаттық белдеу 15°- тан тұрады. Белдеу ішінде уақытты барлық нүктеден ортаңғы меридиан бойынша есептеуге келісілген. Сондықтан бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақытты белдеулік уақыт деп атайды. 24 сағаттық белдеудің өз нөмірлері (сандары) бар: 0 - ден 23 - ке дейін. Жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасы. Еуразияның батысында күн батқан кезде, оның шығысында келесі күннің таңы ата бастайды. Сондықтан қандай сағаттық белдеуді жаңа тәуліктің басы деп есептеу керек деген маңызды мәселе туады. Жылдың тәуліктерін шатастырмау үшін халықаралық келісім бойынша даталардың ауысу сызығы тағайындалды. Ол географиялық карталарда он екінші сағаттық белдеуде, шамамен 180° меридиан бойымен солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі аралықта жүргізілген. Декреттік уақыт. Ол 1930 жылы 16 маусымда КСРО үкіметінің декретімен (қаулысымен 1 сағат ілгері қою) енгізілген. Мұны декреттік уақыт деп атайды. Негізгі мақсаты - жұмыс күні ішінде жарықты толығырақ пайдалану және электр қуатын үнемдеу. Жергілікті уақыт. Жер шары өз білігінен батыстан шығысқа қарай бір тәулікте толық айналып шығады. Әр меридианның өз уақыты бар, ол солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі аралықта бірдей болады. Бұл уақыт жергілікті уақыт деп аталады.
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы, жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді. Оқушылар қандай жағдайда түсінгендігін білдіріп басбармақ арқылы бағалап, көрсетеді.
Топ пікірлері тыңдалады.


Скачать


zharar.kz