Ақмола облысы Бурабай ауданы
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы
Мадиева Айман Кәрібайқызы
Қазақстан Республикасының Президенті күніне арналған Даңқы шыққан дара тұлға ашық сабағының оқу - әдістемелік жоспары
Cабақтың тақырыбы: Даңқы шыққан дара тұлға.
Сабақтың мақсаты:
1. Өткен тақырыптарға шолу жасай отырып, жаңа тақырып бойынша жаттығу жұмыстарын жүргізу, өткен және жаңа тақырыптарды байланыстыра отырып, тапсырмалар орындату.
2. Тыңдаушылардың сөздік қорын кеңейту, мемлекеттік тілде сөйлесу, сөздерді дұрыс қолдану, сұраққа жауап беру, баяндау қабілеттерін дамыту.
3. Мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылықтарын арттыру, үйренгенін өмірде қолдануға ынталандыру. Патриоттық сезімін тереңдету. Болашаққа сенімін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: техникалық құралдар, оқулық, парақшалар, бейнематериал, тапсырмалар, т. б.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: коммуникативтік, сөйлесу, шығармашылық, түсіндіру, ойын, оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Қатысушыларды тізім бойынша тексеру.
Коммуникативтік тренинг өткізу. Қойылған сұрақтарға белгілі бір әріптен басталатын сөздермен жауап береді.
Сабақтың эпиграфы:
... Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.
Н. Ә. Назарбаев
І. Кіріспе:
Көреген көсем сәттілікті ешқашан арқа тұтпайды, өз болашағын әрқашан ауыр еңбек, төзімділік, табандылық және оптимизммен жасайды , - деген ежелгі қолбасшы Атилланың айтқан сөзі ел басқарудың ауыр жолын айқындай түседі. Оны түсініп, жүзеге асыру да оңай іс емес. Бүгінгі сабақтың тақырыбы осы ел басқару ережесін тереңінен түсінген, Қазақстанның тарихына өз атымен енетін даңқты тұлғамыз, тұңғыш Президентіміз – Н. Назарбаев жайлы өтпек.
Тақырыбы: Даңқы шыққан дара тұлға бұл атауды әрі қарай жалғастырып, тағы бір сөз қоюға болады, ол үшін сызықша қойып тиісті орынды бос қойылады. Ол сөз кроссворд шешу арқылы анықталады:
Даңқы шыққан дара тұлға –...
1. Н. Назарбаевтың еңбек жолы қай қалада басталып еді?
2. Анасының аты кім?
3. Сара Назарбаева негізін салған балалар қайырымдылық қоры қалай аталады?
4. Н. Назарбаевтың туған ауылы қалай аталады?
5. Балалық шағында отбасы болашақ қайраткерді қалай атады?
6. Туған немересінің атын қойған әжесі еді. Ал әжесінің аты кім?
ІІ. Тақырып бойынша жаңа сөздер:
Көшбасшы лидер
атақ, даңқ слава, известность
дара особый, индивидуальный
тұлға личность
көреген дальновидный
саясаткер политик
беделді авторитетный
тұрақты стабильный
Сөздермен жұмыс: жаңа сөздермен бірнеше сөз тіркесін немесе сөйлем құрату.
Сабақтың тақырыбы атақ, даңқпен байланысты, біздің басшымызды еліміз ғана емес әлем таныған, дүниежүзі Қазақстан деген сөзбен Н. Назарбаевтың атын қатар қояды. Оған дәлел ретінде әлемнің атақты адамдарының пікірлерімен таныс болайық.
Елбасы жайлы пікірлер:
ІІІ. Тыңдалым
(Бейнероликтен елбасы жайлы пікірлер тыңдалады)
Тыңдалым бойынша тест тапсырмаларын орындау.
1. Сөйлемді толықтырыңыз. Қазақстан -....
А) сындарлы мемлекет.
В) әдемі мемлекет.
С) болашағы айқын мемлекет
Д) көшбасшы мемлекет
2. Бірінші пікірге сәйкес ойды табыңыз.
А) Н. Назарбаев – қонақжай адам.
В) Сындарлы он жыл кітабын оқығым келеді.
С) Н. Назарбаев – зерек, табанды, қарапайым адам.
Д) Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
3. Ойды аяқтаңыз АҚШ конгрессмені Крис Кэннонның айтуынша, Елбасы -...
А) алысты болжай алатын көреген саясаткер
В) саяси тұрақты адам
С) барлығын бақылап отырады
Д) тәуелсіз елдің басшысы
4. Үшінші пікір бойынша толық және нақты ойды табыңыз.
А) Қазақстан халқы бірлік пен татулықта өмір сүруде.
В) Қазақстан – толеранттықтың эталоны.
С) Қазақстанның үлкен жетістіктерге жетуіне Елбасы көп еңбек сіңірді.
Д) Қазақстан – елі мен Елбасының қажыр - қайратының, бірлік пен толеранттықтың арқасында үлкен нәтижелерге қол жеткізген мемлекет.
ІV. Оқылым.
Абдулла ГҮЛ, Түрік Республикасының Президенті:
– Әр келгенімде гүлдене түскеніне куә болып жүрген Астана қаласы – Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды.
Барак ОБАМА, АҚШ Президенті:
– Сіздің еліңіз егеменді, тұрақты және өркен¬деген мемлекет ретінде өзінің дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді.... Сіздің ұлтаралық және діни төзімділікті ілгерілету жөніндегі күш - жігеріңізді жоғары бағалаймын.
Владимир ПУТИН, Ресей Президенті:
– Қазақстан халқы өзінің әлеуметтік - эконо¬микалық және мемлекеттік құрылыстағы қол жеткен табыстарын орынды мақтан ете алады. Рес¬пуб - ликаның халықаралық беделі жылдан - жылға артып келеді.
Пан Ги МУН, БҰҰ Бас хатшысы:
– Қазақстан Президентінің көреген саясаты болмағанда, бұл өңірдегі халық әлі күнге дейін сынақтардан зардап ше¬гіп отыруы мүмкін еді. Сіздің Орталық Азияда ядролық қа¬русыз аймақ құру бас¬тамаңыз туралы зор ризашылықпен айта аламын.
Ой шоғырландыру.
Тапсырма. Оқылған әр пікір бойынша қорытынды сөз шығарып, сөйлемді толықтыру. Сөздер қандай? сұрағына жауап береді.
Қазақстан – ________________________, ________________________, _______________________, ________________________ мемлекет.
V. Өмірбаяны жайлы мәлімет
Осындай Елбасының жан - жақтылығын айқындай түсу үшін пікірлердің жалғасы ретінде Елбасының өміріне шолу жасалады.
(Өмірбаяны жайлы бейнеролик)
VІ. Өткен тақырыптарды еске түсіру
Осы тамашаланған бейнероликті пайдаланып өткен лексикалық тақырыптарды еске түсіре кету үшін төмендегі шағын мәтінмен жұмыс істеледі.
Тапсырма. Мәтінді тізбектеп оқу.
Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет бос уақыт қалдыра бермейді. Алайда жұмыс арасындағы сирек үзілістерді Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін әрі демалыс, әрі көңіл сергіту саналатын сүйікті істеріне арнауға тырысады. Ол – табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу. Спортпен айналысу немесе үздіксіз оқу адамды кейде едәуір күш пен бар зейінін жұмсауға мәжбүр етсе де, біз, соған қарамастан, оларды да әуестік пен демалыс айдарына қостық. Әлдебір ойшыл айтқандай: Толыққанды тұлға үшін демалыс – өзі айналысатын істің түрін өзгерту ғана...
Мәтін өткен тақырыптардың қайсысын еске түсіреді? (Әуесқойлық)
Сол тақырыпқа байланысты қандай сөздерді атай аласыздар? (шұғылдану, айналысу, әуестік)
Сергіту сәті Түсін мені ойыны.
Шарты: Екі топқа бөлу. Әр топ өз адамын ортаға шығарады. Ол адам өз тобына берілген сөзді қимылмен көрсету керек. Екі топ кезекпен шығып отырады (3 адамға дейін). Сөзді таба алмаған топ жеңіледі.
Жасырын сөздер өткен тақырыптар бойынша:
Даяшы
Көйлек
Жапсырма
Дәрігер
Ащы тамақ
Ғаламтор
VІІ. Елбасының қанатты сөздерімен жұмыс:
Біздің Елбасымыз қандай адам? Атақты адам деп айта аламыз ба? Әрбір атақты адамның артына қалдырған рухани мұрасы болады. Ол әрине нақыл сөздер. Елбасының айтқан қанатты сөздерімен таныстыру.
Қанатты сөздерді оқып, талдау жасау:
1. Өзіне - өзі сын көзімен қарамайтын халық – болашағына көп үміт арта алмайды.
2. Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.
3. Қазақ тілі мемлекетіміздің барлық азаматтарын біріктіруге қуатты.
4. Өсер елдің баласы арманшыл болса, өшер елдің баласы жанжалшыл болады.
5. Кез келген ел өз келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады.
6. Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін.
7. Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны бөлек.
8. Ту, Әнұран және Елтаңба сияқты, мемлекеттік тіл де біздің символымыз, осындай символдардан Отан басталады!
9. Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ - даңқы да, мерейтойы да кейінге үлгі. Ал үлгіге қарап, ұрпақ өседі.
10. Біз басқа ел болдық, жаңа жұрт болдық! Бұрынғы заман жоқ! Сана жаңаратын уақыт баяғыда туды!
11. Ең асыл қазына – бірлік.
12. Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде.
13. Өзіне - өзі сын көзімен қарамайтын халық – болашағына көп үміт арта алмайды.
14. Мемлекеттік қызметтің негізгі принциптерінің бірі – патриотизм. Мемлекеттік тілді білмей, патриотизм туралы сөз қозғау қиын.
Тапсырма: Сызбаны толтырыңыздар.
1. Осы қанатты сөздердің ішінен біздің апта сайын кездесу себебіміз болып табылатын, апта сайын ауа райының тосын сыйларына да қарамастан сіздерді жетелеп әкелетін мақсат, бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатын мәселе – біздің сүйікті тақырыбымызға байланысты ойларды табыңыздар.
Қазақ тілі мемлекетіміздің барлық азаматтарын біріктіруге қуатты.
Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін.
Ту, Әнұран және Елтаңба сияқты, мемлекеттік тіл де біздің символымыз, осындай символдардан Отан басталады!
Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде.
Мемлекеттік қызметтің негізгі принциптерінің бірі – патриотизм. Мемлекеттік тілді білмей, патриотизм туралы сөз қозғау қиын.
Осы ойларға байланысты сіздер не айта аласыздар? – деген сұраққа жауап алу. Мемлекеттік тілді үйренудің қаншалықты маңызды екеніне тоқталып кету.
2. Бірлік туралы нақыл сөздер бар ма, қайсы? (3, 11)
3. Қазіргі заман, заман талабы жайлы екі нақыл сөз бар, олар нешінші нақыл сөздер екенін кім айта алады? (2, 10 )
4. Біздің болашағымыз, ұрпақтарымыз жайлы ойлар бар ма? (1, 4, 5, 7, 9, 13)
VІІІ. Қорытынды сөз.
Байқадыңыздар ма осы қанатты сөздердің ішінде ең көбі қай тақырып жайлы? Елбасы болашақ жайлы көп сөз қозғайды. Біздің бәрімізді де толғандыратын – болашақ. Ешбір адам тек қана бүгінгімен өмір сүрмейді, ең құрығанда бір жылғымызды алдын ала жоспалауға тырысамыз. Ал арманымыз қаншама!? Адам тіпті ойлап жатқан арманына да көлеңке түскенін қаламайды.
Сабағымыздың соңында Елбасының айтқан мына сөзін қайталап еске түсіргім келеді: Өсер елдің баласы арманшыл болса, өшер елдің баласы жанжалшыл болады. Біздің еліміз – өсетін ел, біздің болашағымыз зор, алда біз арманшыл жастардың жарқын өмірін көреміз деп болашаққа нық сеніммен қарайық, сондықтан арманы көп ұрпағымыз өсе берсін. Олардың арманына ешқашан дақ түспесін. Халық айтқандай: Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Арманы жоқ адам болмайды. Қанатымыз қайырылмасын, арманымыз көбейе берсін, сол арманның басты кейіпкері біздің балаларымыз – келешек ұрпақ, ендеше болашағымыз жарқын болсын. Осыған орай, сабақты Армансыз күнім болмайды әнімен аяқтағым келеді.
( Армансыз күнім болмайды әні және
бейне ролик Менің Қазақстаным )
Сабағымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!