Арыстан мен тышқан

Скачать

Арыстан мен тышқан. С. Торайғыров.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсінуге жетелеу, автор туралы білім беру, сөздік жұмысын жүргізу, мәтінмен жұмыс істеу
дамытушылық: Ойлау қабілетін арттыру, сөздік қорын байыту, өз ойларын жеткізе білуге төселдіру, мәтінді талдай білуге, негізгі ойды таба білуге, қорытынды жасау дағдыларын дамыту
тәрбиелік: Оқушыларды жан - жануарларға, үлкенге, кішіге қамқор, мейірімді болуға, біреуге қол ұшын беруге дайын болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Автордың портреті, арыстан, тышқан суреттері, мультимедия
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, суреттеу, талдау, топтастыру, сөздік жұмыс
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі

Сабақтың барысы:
I. Психологиялық дайындық:
Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағатым
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, талдау
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық

II. Жаңа тақырып бойынша жұмыс:
1 - кезеңде: Құрастыру жұмысы:
Қорытындылауда арыстан мен тышқан туралы жаңа ақпарат беріледі:
1 - топ
Арыстан (лат. Panthera leo) — мысық тұқымдасына жататын ең ірі жыртқыш жануар. Орталық Африка мен оңтүстік - батыс Азияның саванна, шөлейт аймақтарында, шөлді жерлерінде де кездеседі. Арыстанның дене тұрқы 2 м - дей, салмағы 250 кг - ға жетеді. Негізінен қорегін аулауға түнде шығады. Арыстанның саны өте азайып кеткендіктен, оны аулауға тиым салынған. Үндістанда кездесетін түрі – Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген. Арыстандар негізінен көптеген хайуанаттар паркінде ұсталады.
2 - топ
Тышқандар (лат. Mus) - ұсақ кеміргіштер тұқымдасы. Дене ұзындығы 12, 5 см дейін, құйрығы, 10, 5 см.. Дәнді дақылдармен, астықпен, тамырлармен, жидектермен, шөппен және басқа да жәндіктермен қоректенеді, түнде белсенді Оңтүстік аудандарда және үйлерде жыл бойы көбейе береді.. Егеуқұйрықтар мен тышқандарды бөлу шартты және тышқандардың көлеміне негізделген.. Залал келтіруі мүмкін, бірақ көбі зиянсыз. Көптеген жыртқыш аңдардың олжасы болып табылады.

2 - кезеңде: Автор туралы мәлімет беріліп, оқушылар топтастырады:
Өмірі мен шығармалары
Сұлтанмахмұт Торайғыров
• Сұлтанмахмұт Торайғыров (28. 10. 1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы – 21. 5. 1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – ақын, ағартушы.

• Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды.

• Оқып жүрген жастарға”,“Тәліптерге”(“Шәкірттерге”), “Ендігі беталыс”, “Оқудағы мақсат не?”, “Анау - мынау”, “Мағынасыз мешіт”, Жарлау”, “Досыма хат” т. б өлеңдер жазған.

• 1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров “Айқап” журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасады

Нәтижесінде берілген ақпарат өңделіп, сараланады. Оқушылар өздеріне қажетті мәліметтерді алады.
3 - кезеңде сөздік жұмысы жүріп, сөздердің мағынасы туралы ақпарат берілді:
- сейіл құру - қыдыру, бой жазу
- зиян - залал, зақым
- азат - еркін, өз еркі өзі
Сонымен бірге сұрақ - жауап стратегиясы арқылы мысал қорытылып, түйін жасалады:
1. Мысалдың өзінен қандай сабақ алдың?
2. Бүгінгі сабақтан не білдің?
3. Не білгіміз келеді?
- Тығырыққа тірелер туғанда
Арыстан да көмек сұрар тышқаннан.
Сөйтіп оқушылар мысалдың тәрбиелік жобасын жасақтайды:
Жақсылық

- жақсылықтың үлкен - кішісі болмайды
- көмек беру - сауапты іс
- жақсылық жасау керек
- жамандыққа жақсылық жасау – ерлік
- көмек бере білу керек

IV. Үйге тапсырма: мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Ақкөл селосы, Ақкөл жалпы орта мектепбінің
бастауыш пәні мұғалімі Карманова Тлектес Екпінқызы


Скачать


zharar.kz