Календарлық - тақырыптық жоспар
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
Алгебра және анализ бастамалары 10 класс
Геометрия 10 класса
Алгебра 9 - сынып
Геометрия 9 - сынып
Оқытудың міндеттері:
1) тригонометриялық өрнектерді түрлендіру біліктігін пысықтау;
2) функция графиктерін салу, графигі бойынша функцияның қасиеттерін анықтау, функция графиктерін түрлендіру біліктігін жетілдіру;
3) сызықтық жəне сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару біліктігін пысықтау;
4) күрделі функция, тригонометриялық функциялар, тригонометриялық теңдеулер, тригонометриялық теңсіздіктер, туынды, нүктедегі функцияның шегі, нүктедегі функцияның үзіліссіздігі, дифференциал, кризистік нүкте ұғымдарын қалыптастыру;
5) тригонометриялық функциялармен, кері тригонометриялық функциялар жəне олардың қасиеттері жəне графиктерімен таныстыру;
6) тригонометриялық функциялардың қасиеттерін, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару тəсілдерін, туындыны игеру;
7) тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді жəне олардың жүйелерін шығару; элементар функциялардың, күрделі функцияның жəне тригонометриялық функциялардың туындысын табу біліктігін қалыптастыру;
8) практикалық есептерді шығару барысында туындыны қолдану; теңдеулер, теңсіздіктер жəне олардың жүйелерін шығаруда тригонометриялық функциялардың графиктерін қолдану біліктігін қалыптастыру;
9) комбинаторика элементтерімен таныстыру.
Оқыту жүктемесінің көлемі - аптасына 3 сағат, барлығы 102 сағат