Омыртқа жотасының бөлімдері

Скачать

8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қаңқаның негізгі бөлімдері. Омыртқа жотасының бөлімдері. Қаңқа сүйектерінің типтері. Адам қаңқасының ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қаңқаның түрлері мен атқаратын қызметі мен ерекшеліктері туралы білімді талқылап қорытындылау
Тәрбиелілігі: Оқушыларды өз денсаулықтарын күтуге, үнемі дене жаттығуларын жасау дағдысын қалыптастыра отырып сымбаттылыққа тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушыларды топта өз бетімен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру, өз ойларын еркін, сауатты нақты жеткізу қабілетін жаттықтыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қаңқа моделі, электронды оқулық, слайдтар, интерактивті тақта,
Сабақтың түрі: Жүйеге келтіру
Сабақтың әдісі: Тірек білімін белсендіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, кестемен жұмыс, биологиялық диктант.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі. Топқа бөлу. Топтың ережесі
I. Ой қозғау.
Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ – жауап
● Тірек - қимыл жүйесіне не жатады және оның маңызы
● Қаңқа қандай жұмыс атқарады
● Қаңқа сүйектерінің саны
● Адам қаңқасының сүйектену процесі неше жаста аяқталады?
● Органикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді?
● Минералды заттардың құрамы
● Сүйек қандай ұлпадан тұрады?
● Сүйек құрылысы неден тұрады?
● Қаңқаның дұрыс дамуына қандай витамин әсер етеді?

ІІ. Білгің келсе хабарлама.
І топ. Сүйектің химиялық құрамы.
ІІ топ. Омыртқаның жотасының қисаюы және одан сақтану.
ІІІ топ. Сүйек аурулары.
Негізгі бөлім.
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.
Жоспар:
1. Қаңқаның негізгі бөлімдері.
2. Омыртқа жотасының бөлімдері
3. Қаңқа сүйектерінің типтері.

IV. Айналмалы бекет әдісі бойынша оқушылар өз бетімен жаңа сабақты оқулықпен жұмыс жасайды. Топ тапсырманы қорғап оны бағалайды.(топты бағалау)
I топ тапсырмасы: Қаңқаның негізгі бөлімдері. II топ тапсырмасы: Омыртқа жотасының бөлімдері III топ тапсырмасы: Қаңқа сүйектерінің типтері
Сергіту сәті.

V. Сандар сыры. Интерактивті тақта
7 – мойын омыртқасы саны;
12 жұп – қабырға саны;
5 – бел омыртқа, сегіз көз.
40 % - омыртқа жотасы ұзындығы адам бойы ұзындығының шамамен құрайды;
200 ден аса – қаңқа сүйектерінің саны;
33 - 34 – омыртқа жотасы саны;
26 – майда аяқ сүйектері саны;
1, 5 тонна – ортан жілік салмақты көтереді.

VI. Биологиялық диктант
Қаңқа сүйектерден және олардың......... тұрады. Ол біздің денемізге.........., болып,............ сақтайды,.......... және........... қызметін атқарады,.......... қатысады. Қаңқа.............,............,.........., болып бөлінеді.


Скачать


zharar.kz