Құрметті балалар

Скачать

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің
педагог - психологы Сейітова Гүлзада Пернебековна

Өзін - өзі тану 7 сынып
Құндылық: Адамгершілік, отбасы татулығы
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық, сыйластық
Тақырып: Тамырын жайып тереңге (слайдымен)
Мақсаты: Оқушыларға отбасы құндылықтары, ата - ба - ба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру.
Міндеттері: Отбасы құндылығы, отбасы бақыты, ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру.
Өз туған үйлері мен отбасыларына деген сүйіспеншіліктерін, жауапкершіліктерін арттыру.
Өз туған үйлері мен отбасыларын құрметтеуге, бағалай білуге, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ақ парақтар, түрлі түсті қаламдар, постер, қағаз қиындылары

Сабақтың барысы
Тыныштық сәті Тілек шамы ойыны
Мақсаты: Отбасы туралы пікірлерін ортаға салу.
- Құрметті балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырысамыз. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. Отбасы атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін Тілек шамы жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып, жүрекжарды тілектерімізді арнайық!

Шашылған сөздер ойыны арқылы топқа бөлемін. Топ аттарын Сүйіспеншілік , Татулық , Сыйластық деп, оқушыларды орындарына отырғызамын
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Боз орамал П. Джон
(Әңгімені оқып, негізгі идеяны анықтап келу)
1. Әңгімені оқығанда қандай сезімде болдыңдар?
2. Жасөспірімдердің ата - анасынан қол үзіп кетуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер?
3. Оның сағынышының себебі неде?
4. Ата - анасының ұлына деген сезімін қалай сипат - тап берер едіңдер?

Топтық жұмыс (Постер қорғау)
1 топ: Отбасы дегеніміз не?
2 топ: Отбасындағы құндылықтар дегеніміз не?
3 топ: Отбасы жарастығы дегеніміз не?
Оқушылар топтық жұмысты критерийлер арқылы бағалап өтеді.
Шығармашылық тапсырма Жұптық жұмыс
Берілген мақалдарға сүйеніп, шағын әңгіме құрау.
1. Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ
Бала - жағасындағы құрақ.
2. Ата – бәйтерек
Бала - жапырақ.
3. Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да,
Қарызыңнан құтыла алмайсың.
4. Қазақтар – Төріңнен қарт кетпесін деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
5. Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады.
6. Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік. (Абай)
(Екі жұлдыз, бір ұсыныспен бағалау)

Жеке жұмыс Түйіндеме (Өлеңді жалғастыр)
Отбасы:
........... сезінуге үйретеді;
................. жетелейді;
....................... алуға көмектеседі;
............................. құрметтеуге,
.................................... болуға тәрбиелейді.
Мұғалім сыйы
• Баланың ата - ананың алдындағы міндеті
(Аудио жазбаларды тыңдату)
Дәйексөз
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің деген халық мақалына оқушылар өз пайымдаулары мен ой - пікірлерін білдіріп, отбасы тәрбие баспалдағы екендігі туралы түсінік алады.

Жаңа ақпарат
Құран Кәрімде Алла тағала былай дейді: Раббың Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке - шешеге жақсылық жасауларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуіне де жандарыңда кәрілік жетсе: Туһ деме (кейіс білдірме), сыпайы сөйле (Исра сүресі, 23 аят)
Ал Пайғамбарымыз Мұхаммедтен келген хадистерде бұл туралы: Ата - анаға жақсылық жасаңдар және сендердің балаларың да сендерге жақсылық жасасын және бағынсын дейді. Және бір хадисте: Жәннаттың хош иісі 500 жылдық жерге дейін тарайды. Ата - анасына бойұсынбаған, туысқандық қатынасты үзгендер оның иісін де сезбейді деген.

Бағалау.
Балалардың белсенділіктерін байқап, ынталандыру және топтан көшбасшы шығару мақсатында Белсенді оқушы , Зерделі оқушы , Білімді оқушы , Көшбасшы атақтары арқылы марапаттау.
Үйге тапсырма:
Ана махаббаты Р. Ақдемір (Мәтінді оқып, мәтіндегі түйінді сәттерді сызба, кесте, тізім түрінде жасап келу тапсырылады.
Соңғы тыныштық сәті
Еркін Нұржан Ана қадірі өлеңін тыңдату (Аудиожазбадан)



Скачать


zharar.kz