Ағашты ата

Скачать

Дүниетану 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Орманға саяхат

Сабақтың мақсаты: оқушылардың сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы алған білімдерін жинақтап, жүйелеу;
Ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, сөз қорын молайту, тілін дамыту. Мағыналы сөйлем құруға дағдыландыру;
Ұқыптылық пен жинақылыққа, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілік: слайдтар, қима қағазда
Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Орманға саяхат
а) Көркем жазу сәті
Шәкірт кездегі,
Білімнің безбені. (баға)

ә) 41 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу, сөйлем мүшесіне талдау. Олардың қайсысы дара, қайсысы күрделі екенін айту.
Орманның асқақ ағаштары
(қарағай, қайың, көктерек, шетен)
*Бұл – биік, алып ағаш. Әлемнің көптеген халықтары оны сиқырлы, бақыт әкелуші, қауіп - қатерді қуатын қасиеті бар деп сенген. Ағашты ата.(қарағай)

*Бұл – ағаштың қабығын сарбаздардың етігіндегі ұлтарақ арасына салған. Көмір дәрісін дайындаған, Моншаға одан жасалған сыпырғышпен барып шомыласың, шырынын ішесің. Ағашты ата (қайың)
*Бұл – халық медицинасында кең қолданылады. Қазіргі кезде сіріңке мен фанер жасауға қолданады. Ағашты ата (көктерек)
*Бұл – көктемде көгереді, жазда сарғаяды, күзде қызарады. Қыста құстарға қорек. Ағашты ата.(шетен)

б) 42 - жаттығу. Суреттерге қарап, сөйлемдердің күрделі мүшесін тауып жазу. Сөз табын анықтау.
Аңыздар гүлдейді
(інжугүл, көктікен, тұңғиық, венераның кебісі)
Грек тілінен аударғанда Мамырда гүлдейтін қыр лалагүлі . Аңыз бойынша ол көктемге ғашық болған, ал жаз шығып көктем кеткенде, ол көз жасын көлдетіп төккен. (інжугүл)
Венераның кебісі – сұлулық құдайы Венера батпақтардың үстімен келе жатып сүрініп кеткен. Аяғындағы бір кебісі жоғалып қалған. Бұл Қызыл кітапқа енген гүл. (венераның кебісі)

в) 43 - жаттығу. Берілген күрделі мүшелерді қатыстырып сөйлем құрау. Күрделі мүшенің қай сөз табынан екенін айту.
Саңырауқұлақ жаңбыры
(майқұлақ, шыбынжұт, ақ саңырауқұлақ, арыш, түлкішек)
*Бұл - бұл көп таралған саңырауқұлақ. Топ болып өседі. Жеуге жарамды. (майқұлақ)
*Бұл – бұл жеуге жарамайды, бірақ пайдасы көп. Өкпе ауруы – туберкулезді, ревматизмді емдеуге болады. қарағай мен шыршаға қорек болады. (шыбынжұт)
Қай саңырауқұлақ орман жануарымен аттас? (........)
Балақай қарашы,
Бір түзу аяқты.
Қалпағы қып - қызыл,
Шашылған ақ тары. (........)

г) Сергіту сәті Әуенге ілесіп билеу

ғ) 44 - жаттығу. Өлеңнен дара және күрделі мүшелерді тауып, олардың бір - бірінен өзгешелігін дәлелдеу.
Жидектер
(бүлдірген, таңқурай, қожақат, қаражидек, итбүлдірген)
*Бұл – таңқурайға ұқсайды, бірақ жидектері қара түсті. (итбүлдірген)
*Бұл – дәмді жидек, бірақ жеп болған соң аузың қап - қара түске боялады. (қаражидек)

д) 43 - жаттығу. Берілген күрделі мүшелерді қатыстырып сөйлем құрау.
Орман тұрғындары
(аю, қасқыр, түлкі, бұғы)
*Бұл – ұзындығы 2, 5 метр, салмағы 500 кг. Жәй жүреді. Сақ. Қорегі түрлі: тамырлар, өсімдік жуашығы, саңырауқұлақ, жидек, ұсақ кеміргіштер, бақа, құс жұмыртқасы мен балапан, балық. Қыстыгүні балалайды.(аю)
*Бұл – ірі жыртқыш. Ізіне қарап топта нешеу екенін ажыратуға болмайды. Артында келе жатқаны алдыңғының дәл ізінен басады, шатаспайды. (қасқыр)
*Бұл – жануардың ұзын сирақтары 90 см қардың үстінен жүруге мүмкіндік береді. (бұғы)

ІV. Үйге тапсырма: 46 - жаттығу
V. Қорытынды бөлім.
Бағалау.
Жер – біздің ортақ үйіміз.
Орман - ауа фабрикасы. Балалар, оны қорғауымыз және сақтауымыз керек.


Скачать


zharar.kz