Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше білу дағдыларын қалыптастыру

Скачать

Ашық сабақ: sin x=a, cos x=a қарапайым Тригонометриялық теңдеулерді шешу
Алгебра 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: sin x = a, cos x = a қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешу
Сабақтың мақсаты: Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше білу дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік: қарапайым тригонометриялық теңдеулер шығару дағдысын қалыптастыру және олардың дербес түрлерін анықтауды үйрету, есептер шығаруда формулаларды орынды қолдана білуге бағыттау.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамыту,
Тәрбиелік: өз пікірлерін жүйелі, еркін жеткізуге, бірлесіп жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, бірін - бірі тыңдауға, жеке тұлғаның қабілетін дамытуға, математикалық тілде сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, презентация, түрлі түсті сызба - суреттері.
Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ,
ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы
Ахмет Байтұрсынов

Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысын тексеру;
ә) оқушылар назарын сабаққа аудару;
б) сабақ мақсатымен таныстыру;
Алдын - ала бөлінген топ бойынша сыныпты Синус , Косинус , Тангенс және Котангенс - топтары бойынша отырғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 8 мин
а) Синус , Косинус , Тангенс және Котангенс әрбір топ өзінің тобы туралы қысқаша таныстырады.
1 – топ: синус; В нүктесінің ординатасының ОВ радиусқа қатынасы α бұрышының......... деп аталады.
2 – топ: косинус; В нүктесінің абсциссасының ОВ радиусқа қатынасы α бұрышының......... деп аталады.
3 – топ: тангенс; В нүктесінің ординатасының абсциссаға қатынасы α бұрышының......... деп аталады.
4 – топ: котангенс. В нүктесінің абсциссасының ординатаға қатынасы α бұрышының......... деп аталады.

Батыс Қазақстан облысы,
Сырым ауданы, Жымпиты селосы
Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп
Закир Арайлым Закарияевна



Скачать


zharar.kz