Баскетбол доптары

Скачать

Тақырыбы: Баскетбол доп беру әдістері
Мақсаты: Оқушылардың баскетбол ойынына деген қызығушылығын арттыру және баскетбол ойынын тереңдете үйрету арқылы шеберліктерін шыңдау.
Өтетін орны: Спорт залы.
Керекті заттар: Баскетбол доптары.
Кіріспе бөлім. Бір қатарға тұру. Рапорт. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптағы жаттығулар. Саппен жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен, табанның сыртымен, тізені жартылай бүгіп, отырып жүру, алға секіру, тұрып жүгіру бір қалыпты, оңға, солға адымдап жүгіру, оң сол жақпен тіреле адыммен, артымен жүгіру. Жүру, қолды екі жақтан көтеріп, терең дем алып, қолды төмен түсіріп, дем шығару. Жүріп орындалатын жаттығулар.
Саусақтарды айқастырып, оңға, солға айналдыру.
Б. қ. – оң қол жоғарыда,
1 - 2 оң қолды артқа сермеу.
3 - 4 сол қолды артқа сермеу.
Б. қ. – қолды бүгіп, кеудеде ұстау
1 - 2 бүгулі қолды артқа сермеу.
3 - 4 оңға бұрылып, түзу қолмен артқа сермеу.
7 - 8 солға бұрылып, түзу қолмен артқа сермеу.
Б. қ. – қ. т.
1 - 4 алға, 5 - 8 артқа айналдыру.
Б. қ. – саусақтарды біріктіріп ұстау
1 - де оң аяқпен алға адым жасап, денені оңға бұру.
2 - де сол аяқпен алға жасап, денені солға бұру.
Адым жасаған аяққа еңкейіп, саусақтарды тигізу.
Сапқа тұрып, 1 - 2 саналу
Негізгі бөлім. 25 - 30 мин.
Допты беру түрлері.
Допты кеудеден шығарып беру.
Допты жоғарыда беру.
Оң, сол қолмен беру.
Допты жерге ұрып беру.
Допты секіріп ұстап, секіріп беру.
Екеулеп екі доппен орындалатын жаттығулар.
1 қатар допты жоғарыдан екі қолмен, 2 қатар допты кеудеден беру.
1 қатар – оң қолмен, жерге ұрып беру,
2 қатар – сол қолмен, жерге ұрып беру.
1 қатар – кеудеден беру.
2 қатар жерге ұрып беру.
1 қатар кеудеден беру.
2 қатар допты жермен домалатып беру.
5 ойыншыдан бөлініп, допты әр түрлі әдіспен беру.
Допты әртүрлі әдіспен беру (бір доппен).
Допты кеудеден беру, 2 доппен орындалады.
Зоналық қорғаныс
3: 3 тәсілмен зоналық қорғаныс
Қорытынды бөлім.
Бір қатарға тұру. Дененің б. қ. келуіне арналған жаттығулар. Сабақтың қорытындысын шығару. Үйге тапсырма беру. Бір орында секіру, екпетінен жатып, шынтақты бүгіп түзеу.


Скачать


zharar.kz