Емші шығады сахнаға

Скачать

Тақырыбы: Гүл туралы аңыз
Мақсаты:
Оқушыларға гүлдің маңызын түсіндіре отырып, экологиялық тәрбие беру.
Адамгершілікке, табиғатты қорғауға, Отанын сүюге және үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Сыныбы: 6 - сынып
Түрі: сыныптан тыс шара
Көрнекілік: гүл және ара макеттері, шар, экологиялық дана сөздер, суреттер, қой суреттері
Қатысушылар: хан - Асылбек, емші – Еркебұлан, бала - Саяжан, шаруалар – Санжар, Құрманай, Саяжан, Тыныштық, автор – Ұлжан.
С. Оспановтың Гүл туралы аңыз ертегісінің желісімен сахналық көрініс. Шымылдық жабық тұрады. Нәзік әуен ойнап тұрады. Шаруалар жерге дән шашу үстінде шымылдық ашылады.
Ерте, ерте, ерте еді,
Айнала түгел көркем еді,
Шаруалар тұқым сеуіп,
Күні - түні тер төгеді.
Шаруалар терлерін сүртеді.
Бидай мен гүл өседі,
Ел қызықпен күн кешеді.
Бір ғана гүл солмауы үшін
Бүкіл адам күреседі.
Әсем гүл боп дала сәні
Ауыл сәні, қала сәні,
Гүл сыйлайды бір – біріне
Қарсы ап гүлмен тамашаны.
Хан сахнаға шығады.
- Бидай ғана – ердің көркі,
Дән өсіру ел міндеті!
Пайдасы жоқ гүл дегенге
Толып кетті жердің беті! –
Деп хан бірде жарлық етті,
Шақырып тез алды көпті.
- Құртыңдар – деп - гүл біткенді!
Ол бәріне салық етті:
- Гүл де егеміз,
Дән де егеміз
Туған жерге сән береміз!-
Дегендерді тыңдамайды –
- Дән ғана, деп жанмен егіз!
Хан ашулы,
Хан айбатты,
Гүл үстінен мал айдатты,
Талай бақтың гүлін жұлып,
Жіберді өртеп талай бақты.
Жалмауыздай жалмады бір,
Жер бетінде қалмады гүл.
Амалсыздан шаруалар гүлді жұлады.
Ханның жаны тыныш тапты
Орындалып арманы бұл.
Кетіп мүлде қала сәні
Кірмей қойды дала сәні.
Гүл сыйламай,
Қалай енді,
Қарсы алады ел тамашаны?
Еш адам жоқ ықыласты
Жанарды ашу бұлты басты.
Гүл қуаныш сыйлаушы еді,
Елден енді күлкі қашты.
Әсем гүлді жан қимайды,
Әрбір атқан таң қинайды.
Ызыңдаған аралар ортаға шығады.
Ызыңдайды бал аралар,
Қайдан?
Қалай бал жинайды?!
Хан бір күні ауырып қалды,
Айлар бойы сауықпады.
Емші шығады сахнаға.
Емші айтты:
- Бал қосылған
Беріңдер, - деп - тауып дәрі
Бал табылса қалар жаны,
Бал іздеп таба алмады.
Хал үстінде,
Хан жылайды,
Бал ғана боп бар арманы. Хан еңіреп жылайды.
Бір балақай таптатпады,
Ханнан гүлін сақтап қапты
Сол араға жиналып кеп,
Бал аралар қаптап жатты,
Күлкілі де, қайғылы әрі,
Бала болған жайды ұғады.
Ханға апарып гүл сыйлайды,
Хан аурудан айығады.
Ұғып сонда қателігін,
Екен ғой деп қате мұным
Күлім деп хан балаға айтты:
- Гүл тұқымын әкел бүгін!
Гүлде екен барлық көрік,
Гүл ек! – деді жарлық беріп,
Балақайдың гүлзар бағын,
Қуанысты халық көріп,
Гүл егіпті ел қайтадан,
Түрленіпті жер қайтадан. Барлық шаруалар шығып бірге.
- Гүлім, гүлім, гүлім, - дейді,
Гүл десе ел күлімдейді.
Сансыз гүлден шырын жинап,
Бал аралар гуілдейді.
Гүлді әрқашан ел іздейді.
Бақтан оны кім үзбейді,
Бидай - тамақ,
Бидай сұлулық,
Гүл мен бидай егіз дейді.

Шаруалар шығып қош айтысады.
Қорытынды: Сахна төріне қатысушылар шақырылып, қошемет көрсетіледі.


Скачать


zharar.kz