Мемлекеттік құрылымы мен құрамы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат
жағдайлары мен ресурстары.
Сабақтың мақсаты:
a) Білімділігі: оқушыларға Үндістан мемлекетінің құрылымы мен құрамы, экономикалық - географиялық жағдайына тоқталу, шекараларына сипаттама беріп, мемлекеттің қалыптасу тарихы мен геосаяси жағдайын, табиғатын, табиғат ресурстарын баяндау, мәлімет беру.
b) Дамытушылық: Бұрынғы алған білімдерін дамыту, ойлау, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.
c) Тәрбиелік: Өз Отанын сүюге, қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық тәрбие беру.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік әдіс, репродуктивтік әдіс, іздену әдісі, баяндау, ой қозғау стратегиясы, практикалық әдіс.
Сабақ көрнекілігі: Дүниежүзілік саяси картасы, дүниежүзілік физикалық картасы, атлас, кескін карта, слайдтар, кестелер, ассосация (интерактивті тақта).
Пән аралық байланыс: Тарих, биология.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау. § 27. Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары.
III. Үй тапсырмасын қорыту.
Іздену жұмысы, хабарлама қорғау.
IV. Жаңа сабақтарды түсіндіру. Ой қозғау стратегиясы, ассосация. § 28. Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.
V. Жаңа сабақты бекіту. Салыстыру кестесімен жұмыс.
VI. Жаңа сабақты қорытындылау.
VII. Үйге тапсырма беру.
§ 28 оқып келу, картаға түсіру, хабарлама жазу.
VIII. Оқушылардың білімін бағалау.


Скачать


zharar.kz