Бастауыш сынып мұғалімі Елмуратова Гаухар Дарьябаевна
Сауат ашу 1 сынып
Сабақ тақырыбы: Өө дыбысы мен әрпі
Блум таксономиясы бойынша мақсаттар жүйесі:
Білу: Өө дыбысы мен әрпін танып білу, баспа жазба түрлерін айырып білу.
Түсіну: Ө дыбысы дауысты дыбыс екенін және ол буын құрайтындығын түсіну
Қолдану: Өө әрпін жазуды үйрену, жазба түрін танып білу.
Талдау: Сөз ішінде ө дыбысын тауып орнын анықтай алу, дыбыстық талдау жасау
Жинақтау: Тез ойла, сөз ойла ойыны арқылы білімдерін бекіту, ойларын жинақтау
Бағалау: Кері байланыс, сыныптастарын бағалау, топтық бағалау.
Күтілетін нәтижелер: - Өө дыбысы мен әрпін танып біледі, баспа жазба түрлерін айырып біледі;
- Ө дыбысы дауысты дыбыс екенін және ол буын құрайтындығын түсінеді;
- Өө әрпін жазуды үйренеді, жазба түрін танып біледі.
- Сөз ішінде ө дыбысын тауып орнын анықтай алады, дыбыстық талдау жасай алады;
- Тез ойла, сөз ойла ойыны арқылы білімдерін бекітеді, ойларын жинақтайды;
- Кері байланыс, сыныптастарын бағалайды, топтық бағалайды
Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: Тренинг Сабаққа дайындық , Өрмекші әдісі, Миға шабуыл , Менің үйім қайсы ойыны, оқулықпен жұмыс, дыбыстық талдау жұмысы, топтық жұмыс, Венн диаграммасы әдісі, сергіту сәті, Тез ойла, сөз ойла ойыны, Бағдаршам әдісі арқылы кері байланыс.