Сөз тұлғасы

Скачать

ШҚО, Көкпекті ауданы,
Көкпекті ауылы, Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебінің
қазақ тілімен әдебиеті пәні мұғалімі Шакербекова Дариға Амантайқызы

7 сынып
Тақырыбы: Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Мақсаты:
1. Есімшенің сөйлемдегі қызметі тақырыбын бекіту. Оқушылардың синтаксистік талдау жұмысын жетілдіру.
2. Оқушылардың ойлау дағдысын, сөйлеу тілін, шығармашылық жұмысын дамыту.
3. Оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
с\ түрі: бекіту сабағы
с\ әдісі: сұрақ - жауап, талдау, шығармашылық, ізденушілік.
с\ жұмысы: топпен, ұжыммен.
с\ технолог: СТО стратегиялары, дамыта оқыту.
с\ көрнекілігі: слайдтар, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
1 - слайд Күнге қолды созамын.
Күн жылуын аламын
Күн жылуын алған соң.
Жүрегіме басамын.
Осы жылулықпен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
2 - слайд
1\ 176 - жаттығу. Есімшені жұрнақтарына қарай ажыратып, қалай түрленіп тұрғанын, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтаңдар.
3. Өткен тақырыпты пысықтау
3 - слайд.
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Келтірілген мысалдар арқылы есімшенің сөйлемдегі қызметін анықтау ережесін қайталау.
1 - сөйлем. Баланың қытығына тиетіні - осы жері.
2 - сөйлем. Жұмыскерлерге барақтар салынған.
3 - сөйлем. Ол көп сөйлегенді ұнатпайды.
4 - сөйлем. Айтқанның аузы жаман,
Көргеннің көзі жаман.
5 - сөйлем. Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр тереді.
4. Сабақ бойынша жұмыс.
4 - слайд Морфологиялық диктант
• - ып,- іп, п қандай жұрнақтар?(көсемше)
• Атау септігінде тұрып есімшелер қандай сөйлем мүшесі болады?( бастауыш)
• Ілік септігінде тұрып, есімшелер қандай сөйлем мүшесі бола алады?(анықтауыш)
• Іздегенді, көргенді есімшелері қай септікте тұр?(табыс)
• Барыс, табыс, жатыс септігінде тұрып, есімшелер қандай сөйлем мүшесі болады? ( толықтауыш)
5. Оқулықпен жұмыс
5 - 6 - слайд 175 - жаттығу.
Мақал мәтелдердегі есімшелердің есімдерше түрленген тұлғаларына талдау жасаңдар.
1 - топ:
1\Тойдың болғанынан боладысы қызық.
2\ Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
2 - топ:
1\Жас кезімде бейнет бер,
Қартайғанда зейнет бер.
2\Өзен жағалағанның өзегі талмас.
3 - топ:
1\ Кедейлік жаны тәтті жалқауға үйір,
Еңбек ете білмейтін аңқауға үйір.
2\ Еңбексіз ел кезгенің – ар - ұяттан безгенің.
Талдау жұмысы
7 - 8 - слайд 1 - топ:
1\Өсетін елдің қарты қазына болар.
Өспейтін елдің қарты қазымыр болар.
2 - топ:
1\Айтысқан ауыл болмас,
Болыспаған бауыр болмас.
3 - топ:
1\Көп жасағаннан сұрама,
Көп көргеннен сұра.
Сергіту сәті
Өздік жұмыс
9 - слайд 1\Төмендегі етістіктерден әр түрлі есімшелер жасаңдар да, түрлендіріп қолданыңдар.
• Үлгі: жаз - жазған, жазатын, жазар, жазбақ.
• 1 - топ: Күл, көмектес, кел.
• 2 - топ: Айт, сөйле, ізде.
• 3 - топ: Көр, түсін, оқы.
2\ Бір сөзге сатылай кешенді талдау.
• Сөз:
• Сөз тұлғасы:
• Сөз құрамы:
• Жасалу формасы:
• Сөз табы:
• Сұрағы:

Сабақты бекіту
10 - слайд Семантикалық картамен жұмыс
Мысалдар ------------------------------------Бастауыш--------Баяндауыш-----Толықтауыш--Анықтауыш
Тойдың болғанынан боладысы қызық
Оның аты байланбайтын
Көшкен ауылды іздеп табалық
Сен білгеніңді үйрет

Үйге тапсырма
11 - слайд
• 178 - жаттығу.
Есімшелерді тауып, қандай қызметте және тұлғада жұмсалғанын көрсетіңдер.
• Тақырып бойынша ережені қайталау.
• Абай өлеңінен есімшелері бар шумақтарын теріп жазу.
Сабақты бағалау
Сабақта белсенділік танытқан оқушылардың білімін бағалау


Скачать


zharar.kz