Ата салтымызды қадірлеп кейінгі ұрпаққа жеткізу

Скачать

Тақырыбы: Ғажайып алаң ойыны 3 сынып

Мақсаты: 1. Ата салтымызды қадірлеп кейінгі ұрпаққа жеткізу.
2. Ғажайып алаң ойыны арқылы салт - дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды еске түсіріп, берілген тапсырмаларды орындап мәреге жету.
3. Тапқырлыққа, сыпайлыққа, әдептілікке, білімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: дайындалған тапсырмалар, магнитті тақта, ұлыстың ұлы күні туралы жазылған нақыл сөздер, гүлдер, суреттер, ұлттық ойындар.

Жоспары: 3 - кезеңнен тұрады.
1 - кезең. Жылу бер, Наурыз төріме!
2 - кезең. Ата салтын - алтын қазынам! Көрермендер көзайымы.
3 - кезең. Талпынған жетер мұратқа!
4 - кезең. Жүзден жүйрік, мыңнан - тұлпар! жеңімпазды марапаттау.

Жүргізуші: Наурыз – ежелгі мәдениеті, дамыған елдің бірі Парсының нау - жаңа, рыз - күн, яғни Жана күн - деген сөзді білдіреді екен.
Наурыздың 22 - ші жұлдызын жаңа жыл, ырыс, береке, жыл басы деп есептелген. Бұл күн көктемнің, бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланып отырғаны белгілі. Бұл күні жақсы тілек айту, құттықтау, кешірім жасау керек өйткені, барлық даланы Қызыр ата аралайды.

Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар, және наурыз мейрамына жиналған көпшілік қауым! Сіздерді ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз!
Наурызың үлкен - кіші құтты болсын!
Қой қоздап, қазандарың аққа толсын!
Біріне нұрын шашып көкткем келді,
Темірдей денсаулығын мықты болсын!
Наурызым бәріңізге дәулет берсін,
Далама төрт түлік мал көрік берсін,
Түтіні түзу шығып әр ошақтың
Шетінен берекеге көп кенелсін!- дей келе
Ғажайып алаң ойынымызды бастаймыз!
3 A сынып ата - аналарымен өткізіледі.
Көз салсаң мынау заманға,
Табылар түрлі амалда.
Белсенді ойыншыларды
Шақырам Ғажайып алаңға

1 - кезең. Жылу бер, наурыз төріме!
Кең байтақ жатқан жеріме,
Қонақжай менің еліме,
Бақ сыйла менің жеріме!
Ойыншыларды ортаға шақырамыз. (Үш ата - ана шығады).


Скачать


zharar.kz