Ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімдер: Көркем әдебиет
Тақырып: Ертегі ойлап табайық.
Мақсаты: Сәби жастағы балалардың тілін дамытып сөздік қорларын молайту. Көру арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Ертегіге деген қызығушылықтарын арттырып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекі - құралдар: ертегілер суреті, карточкалар.
Билингвальді компонент: Ертегі - сказка, аю - медведь, қоян - заяц.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық - Балалар қараңдаршы бүгін бізге ерекше күн, үйткені бізге қонақтар келді.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Жарқырайды күніміз
Қайырлы таң балалар!
Балалар қозғалыс жасай тұрып, барлығы айтады, бір - біріне сәлем береді.
Ұйымдастырушы - ізденуші
Рефлекция
- Балалар жылдың неше мезгілі бар?
- Қандай мезгілдері бар екен?.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінің неше айы бар?
- Атап айтып беріңдерші?
Күзде қандай өзгерістер болады?
- Өте жақсы, қазір енді орталықтарға бөлінейік.
Шығармашылық орталығы.
Сюжетті ойын орталығы
- Балалар ертегілер еліне барамыз ба?
Балалар тапсырманы тәрбиешінің көмегімен орындайды.
Жолда бізге кедергілер кездесуі мүмкін.
(Сыңғырлаған судың дыбысы естіледі.)
1 - кедергі: арықтан секіріп өтуіміз керек.
Секірейік, секірейік,
Ұзын құлақ қоянша.
Шаршағанды кетірейік,
Сонда болар тамаша.
- Балалар ненің дыбысы естіліп тұр?
2 - кедергі: Аю кездеседі.
Аюдың тапсырмасы: Аю балаларға ертегілер еліне баратын жолды көрсетеді. Балалар ертегілер елінде Ерден атамен кездесіп амандасады. Ерден ата балаларға ертегілер жайлы сұрақтарын қояды. Енді балалар ойлап тапқан Аю мен қоян ертегісін атаға айтып береді.
Сергіту сәті:
Балалар 3 - ке дейін санайды. Аюға балалар рахметін айтады. Балалар қоянға ұқсап секіріп, аюдың жүрісін салып береді. Ертегілерді айтады: Шалқан , Бауырсақ , Түлкі мен тырна .
Ертекті саптайық үстел үсті театрында көрсетейік. Аю ұйықтап жатады, қоян өлең айтып аюды оятып жібереді.
Аю оянып кетіп: Мен сені жеймін.
Қоян: мені жеме, мен де саған жақсылық жасаймын. Аю қоянды босатады. Бір күні аңшылар аюды ұстап алып қамап қояды. Қоян сиқырлы сәбізбен аюды құтқарады. Аю мен қоян дос болып қалады. Соңынан Қоян ойыны ойналады.
Шарты: Қоян, қоян секеңдеп
Судан аттап өтем деп.
Тайып құлап түстім,
Не болды енді үстім?
Текке қарап тұрмайық,
Үстімізді қағайық.
Ерден ата балалар ойынына риза болып балаларға әкелген электронды күшігін сыйға тартады.
Балалардың әрекетін бағалау.
Балалардың жаңадан ойлап тапқан Аю мен қоян
Ертегісін айтып береді. Төрт.
Қыс, Көктем, Жаз, Күз.
Күз.
Үш айы.
Қыркүйек, Қазан, Қараша
Иә.
Бақташы ата келді деп балалар қуанады.
Сәлеметсіз бе ата.
- Құстардың дыбысы естіледі.
Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып секірді.
Ұзын құлақ қоянмын,
Тез естимін сыбдырды.
Еш аңнан мен қорықпаймын,
Сәбіз тәтті қорегім.
(Балалар Ерден атаға рахметін айтып қоштасады)
Күтілетін нәтиже:
Не білді: Ертегінің кейіпкерлерін тани білді.
Не істей алады: Ертегіні ойнай алады.
Нені меңгерді: Ертегі мазмұнын меңгере алды