Ескен Елубаевтың өлеңі
Асанды ерттім жаныма
Бауға бірге барғалы.
Біледі ол айыра,
ЗИМ мен ЧАЙКА ,
ВОЛГАНЫ .
Көшеде олар асығыс
Өтіп жатыр шұбалып.
- Ал мынауың МОСКВИЧ!,-
Деп қояды қуанып.
Келе жатты бір кісі
Осы кезде жолменен.
Жетегінде бұзау бар,
Бұрын Асан көрмеген.
- Ал мынау не?- дедім мен,
Асан біраз кідірді.
Содан сөзін сеніммен:
- Ол ит қой,- деп бітірді
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері