Жай бөлшектерге, рационал сандарға амалдар қолдану
Біріккен сыныптар 5 - 6 сынып
Сабақтың ұраны:
Білекке сенер заманда,
Ешкімге есе бермейік.
Білімге сенер заманда,
Қапы қалып жүрмейік.
Сабақтың мақсаты:
Жай бөлшектерге, рационал сандарға амалдар қолдануды қаншалықты меңгергенін жүйелеу, бақылау.
Дамытушылығы: Жылдам ой қорыту, тапқырлық, тиянақтылық қасиеттерін дамыту. Есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Білім алуда бәсекелестікке баулу пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Пән аралық байланыс: Өзін - өзі тану пәнімен.
Оқушылар сабақты шаттық шеңберімен бастайды.
Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың түрі: Іскерлік дағдысын дамыту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
II. Негізгі бөлім.
I - кезең. Алған білімдерін пысықтау ауызша жаттығулар, тест.
II - кезең. Оқушыларға өз бетінше орындалатын тапсырмалар беріп, іскерлік дағдыларын дамыту.
III - кезең. Оқушылардың біліктіліктерін арттыратын қосымша логикалық тапсырмалар. Өз беттерінше есептер құрастыру.
IV - кезең. Қатені тап ойыны.
III. Қорытынды бөлім. а) оқушы білімін бағалау.
ә) үйге тапсырма.
5 сынып
1 – кезең
1. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз, аламыз? Мысалы келтір.
2. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосамыз, аламыз? Мысал келтір.
3. Бөлімдері бірдей аралас сандарды қалай қосамыз. Мысал келтір.
4. Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қалай қосамыз? Мысал келтір.
5. Натурал санмен аралас санды қалай қосамыз?
Мысал келтір. а) - 5: 5; в) - 3: 3; с) - 3; д) 3
6. Бөлшекті бөлшекке көбейту. Мысал келтір.
7. Бөлшекті натурал санға көбейту.
8. Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең?
9. Санның бөлігін қалай табамыз?
6 сынып
1. Мәні 1, 2 - тең өрнекті таңдап ал:
а) - 6: (- 5);
в) 36: (- 3);
с) - 0, 48 • (- 25);
д) 2, 4 • (- 5)
2. Теңдеуді шеш:
15, 83 + у = 40
а) 24, 17;
в) - 24, 17;
с) - 55, 83;
д) 55, 83