Өздік есімдігін тауып, олардың қалай түрленіп тұрғанын анықта

Скачать

Қызылорда облысы, Құттықожа ауылы,
№164 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Курбаназарова Дариха Налибаевна

Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өздік есімдігінің түрленуі
Мақсаттары: Танымдылық: Оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы Әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлауын дамыту.
Эмоционалдық: Өздік есімдігінің түрленуін түсіндіру, зейін мен ерік - жігерлерін табандылықпен басқаруын, тыңдау мен қабылдауын бейімдеу.
Әлеуметтік: Қарым - қатынас мүмкіндіктерін кеңейту, өзара әрекеттестіктерін белсендіру.
Күтілетін нәтиже: Топта жұмыс істеу арқылы ізденеді, біледі, түсінеді және сөздік қорларын дамыту арқылы пәнге қызығушылығы артады
Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)
Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)
Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары
Әдіс тәсілдер: Кім біледі? Венн диаграммасы, Хат жазу

Тапсырма
Жаңылтпаштар арқылы топқа бөлу

Білу 5мин
102 - жаттығу. Берілген сұрау есімдігін қатыстырып сөйлем құрап жазу.
Кімнің, қайсымыз, нешеуі, кімдермен, нешеуден, кімсіздер, қандаймыз.
Мысалы: Сен кімнің баласысың?
103 - жаттығу. Нешінші, қайсысы деген сұрау есімдіктерін жіктеп және тәуелдеп жазып, мағыналық және тұлғалық жағынан салыстырыңдар.
Жіктеу -------------- нешінші ---------- қайсысы
І ---------------------- нешіншімін ------ қайсысымын
ІІ --------------------- нешіншісің ------- қайсысысың
Сыпайы түрі ------ нешіншісіз -------- қайсысысыз
ІІІ -------------------- нешінші ----------- қайсысы

Түсіну 10 мин
Жаңа сабақты белсенді, саналы түрде меңгерту кезеңі
Өз есімдігі тәуелденіп барып септеледі.
Өздік есімдігінің септелу үлгісі
Септік ---- өзім
Атау ------- өзім
Ілік --------- өзімнің
Барыс ------- өзіме
Табыс -------- өзімді
Жатыс -------- өзімде
Шығыс ---------- өзімнен
Көмектес --------- өзіммен

Қолдану 6 мин
1. Өлеңдерден өздік есімдігін тауып, қалай түрленіп тұрғанын түсіндіріңдер
Жаттығу жұмыстары

Талдау 10 мин
Өлеңдегі түсірілген сөздерді орнына қойыңдар:
Өзім – тәңірі табынамын... (өзіме)
Сөзім – құран, бағынамын...! (сөзіме)
Бұзушы да, түзуші де..., (өзіммін)
Енді, ескілік, келдің өлер...! (кезіңе)

Мағжан Жұмабаев.
Керекті сөздер: сөзіме, өзіме, өзіммін, кезіңе.

Тапсырма: Өздік есімдігін тауып, олардың қалай түрленіп тұрғанын анықта.
Өзім – түбірі өз, - ім тәуелдік жалғаудың І жағы
Өзіме – түбірі өз, - ім тәуелдік жалғаудың І жағы, - е барыс септігі
Өзіммін - түбірі өз, - ім тәуелдік жалғаудың І жағы, - мін жіктік жалғау І жағы.
Ойын патшалығына қош келдіңіздер!
“+” белгісін тиісті жеріне қояйық!

Жинақтау 7мин
1. Көп нүктенің орнына тиісті есімдерді жазыңдар:
............ үнсіз отыр. Әсел........................... оқушы?................. мектепте оқимын. Сабақ..................... аяқталады?...................... бақытты баламыз.



Скачать


zharar.kz