Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Максим Зверев. Суықторғай.
Сабақтың мақсаты
а) оқушыларды Максим Зверевтің Суықторғай атты әңгімесін түсініп оқи отырып, құстардың қыстағы өмірімен таныстыру;
ә) әңгіменің түйінді ойын ашып, талдауға үйрету; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту;
б) мәтінді оқи отыра табиғатты сүюге, аң - құсқа қамқорлық жасап, күтуге баулу.
Сабақтың міндеті Көркем сөздерді меңгерту, жаңа сөздер арқылы оқушылардың ой - өрістерін дамыту, тіл байлықтары мен сөздік қорларын толықтыру, таным қабілеттерін дамыту, шығармашылық қиялдарын жүйелеуге үйрету, өз ойларын тұжырымдауға, дәлелдеуге, түйіндей білуге, сараптай білуге жетелеу.
Сабақтың типі жаңа білім
Сабақтың түрі аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, эссе, ассосоция, топтастыру.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: автордың суреті, құстар суреті, Қыс суреті
Күтілетін нәтиже: өз бетінше жұмыс істеуге, алған білімдерін тиімді пайдаланады.
автор туралы мәліметті біледі
өз ойын еркін жеткізе алады.
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
Психологиялық дайындық.
Өсіріп, ой сананы, Үйренеміз жаңаны.
Бүгін бізде кезектегі, Ана тілі сабағы.
Құстардың суретін таңдау арқылы үш топқа бөлінеді
І топ Қырандар
ІІ топ Сұңқар
ІІІ топ Лашын
Үй тапсырмасы (10 минут)
Ж. Жұмаханов Ақ боран.
Оқушылар бөлім бойынша салып келген суреттерін әңгімелеп береді.
І. бөлім Қасымның ауылы.
ІІ. бөлім Қасымның ақ боранмен арпалысуы.
ІІІ. бөлім Қасымның атының белгі беруі.
Серпілмелі сауалдар ойыны
1. Әңгіменің басында қыстың қатал мінезі қалай берілген?
2. Қасымның боранда адасып қалмауына не көмектесті?
3. Жерге құлағын тосқан кезде Қасым не естіді?
4. Қасымның аты қандай белгі берді?
5. Автор боранды қандай боран дейді? Оның себебі недеп ойлайсың?
6. Қасымның жолда келе жатқан кездегі ішкі ойын айтып бер.
7. Әңгімеден Қасымның қандай бала екенін аңғаруға бола ма?
8. Кейіптеу деген не?
9. Қасымның орнында сен болсаң не істер едің?
Автормен танысу
Ендеше біз бүгін қазақстандық жазушы М. Зверовтың Суықторғай әңгімесімен танысамыз.
(дәптерге күнді жазып тақырыпты жазу)
Максим Дмитреевич Зверов (1896 - 1996) Барнаул қаласында туған. Басты жазатын тақырыбы - табиғат құпияларымен көріністері. Бүкіл саналы ғұмырын Қазақстанда өткізген ол Ақ марал , Індер мен ұяларда , Таулы шыңның қожасы , Жаңа қоныста сияқты көптеген әңгіме повестері арқылы қазақ оқырмандарына кеңінен таныс.
- Ал балалар суықторғай деген не? (Құс)
- Табиғаттың бір бөлігі көркі, сәні, бақшаның әні болатын осы құстар
- Ал құстардың қандай түрлерін білесіңдер?
Айта берсек құстардың түрлері өте көп. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен.
- Ал енді осы құстардың пайдасы бар ма? Болса қандай?
- Олар ағаштағы, жердегі зиянды құрттарды жейді.
Құстар табиғатқа сән береді. Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып адамның көңіл - күйіне әсер етеді. Құстардың жылы жаққа ұшып кететіні, қыстап қалып қоятыны болады. Соның ішіндегі Суықторғай қыстап қалатын құстарға жатады. Біз осы қалып қоятын құстарға көмек жасауымыз керек. Ол үшін не істеу керек. (оқушылар пікірін тыңдау)
1. Максим Зверев Саусағымды бір нәрсе шым
еткізіп тістеп алғандай болды дейді. Ол не нәрсе екен? Әңгімені оқып көрейік.
Оқулықпен жұмыс. түсініп, іштей, тізбектей оқу.
Таныс емес сөздердің астын сызу
Сөздік жұмыс.
Бедері – ізі, белгісі.
Сергіту сәті.
Қыс қандай, тамаша!
Ақ ұлпа қар жауды
Ағаштар, бұталар,
Ақ қарға оранды.
Максим Зверев. Суықторғай жүктеу
Максим Зверев. Суықторғай слайдты жүктеу